Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы


ҒТАМР 14.35.09 К.А. ТЛЕУБЕРГЕНОВА



Pdf көрінісі
бет26/64
Дата28.04.2024
өлшемі3.97 Mb.
#500027
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
3-2020

36
ҒТАМР 14.35.09
К.А. ТЛЕУБЕРГЕНОВА
1
, Ш.У. ЛАЙСХАНОВ
2
, Н.Н. КАРМЕНОВА
3

1
п.ғ.к, доцент, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан, e-mail: tleubergenova1209@gmail.com
2
 PhD, қауым. профессор м.а., Абай ат.ҚазҰПУ, 
Жаратылыстану және география институты, Алматы қ., Қазақстан 
3
г.ғ.к., доцент, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан
«ӨЛКЕТАНУ» КУРСЫН ӨТУДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН 
ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Аңдатпа. Инновациялық технологиялардың бірі-дамыта оқыту технологиясы. Жұ-
мыстың мақсаты оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу үшін ұсынылатын жұмыс 
түлерінен туындаған сатылардағы («Брейн-ринг» интеллектуалды оқыта үйрету ойыны, 
«бұрыштар тәсілі» «Туған өлкеңді зерделе», Google Еarth картографиялық веб-сервистік 
бағдарламасы), тапсырмаларын өз бетінше орындату. Осыған байланысты жаңадан 
шыққан Өлкетану (5-7-сынып) оқулығында қарастырылатын мәселелерге тікелей қаты- с- 
ты тапсырмалар беріліп отыр. Оқушы бірнеше интеллектуалды ойын тапсырмаларын 
шеше келе, соңында осы пәнге байланысты пысықтау сұрақтарын орындайтын болады. 
Бұл жұмыстарды тапсырмаларға жауап ретінде орындату олардың қызығушылықтарын 
арттыратын жолдардың бірі деуге болады. Нәтижесінде дамыта оқыту технологиясын 
қолдану - болашақ маманның ізденушілік-зерттеушілік және білім алуға деген ынта-ықы- 
ласын арттырып, кәсіби белсенділігін қалыптастырады.
Түйін сөздер: инновациялық технология, дамыта оқыту, «Брейн-ринг», «Insert» әдісі.
КІРІСПЕ
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 
2017 жылы 12 сәуірде жариялаған 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғы-
ру» атты бағдарламалық мақаласында 
[1] «Туған жер» бағдарламасын қолға 
алуды ұсынған болатын. Онда «Туған 
жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы 
мен өзені тарихтан сыр шертеді. Осы-
ның бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», 
— деп көрсеткен болатын. Осы мін-
деттер орта мектептердегі күнделікті 
қарастырылатын еліміздің табиғатына 
байланысты тақырыптарды өтуде және 
жаңартылған білім мазмұны бойын-
ша география пәніне кіріктіріліп өтіліп 
жүрген 5-7-сыныптағы «Өлкетану» кур-
сы арқылы жүзеге асырылады. Осы 
курсты заман талабына сай өткізу үшін 
соңғы инновациялық, әсіресе дамыта 
оқыту технологиясы арқылы оқушы-
ларға туған өлкесі туралы терең білім 
беру өте маңызды деп есептейміз.
П.Буга мен В.Карпов оқыту техно-
логиясы дегенiмiз ғылыми ұйымдасты-
рылған бiлiмдi практикалық тапсыр-
маларды орындауда жүйелi түрде, iс 
жүзiнде қолдану деп түсiндiредi. Оқы-
ту технологияларын оқытудың әртүрлi 
әдiстерiн қолданудың ғылыми негiзi 
ретiнде анықтайды. Жапон педагог ға-
лымы Т.Сакамотоның сипаттауынша, 
педагогикалық технологияның әрқай-
сысы өзінің мақсат-міндеттерімен, қой-


БІЛІM - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020
37
www
.nao.kz
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ / ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА ОБУЧЕНИЯ / THE THEORY AND PRACTICE OF TEACHING
ылатын талаптарымен маңызды.
«Технология» терминінің түсіндір-
месі әр қилы. В.И. Шепельдің [2] айтуы 
бойынша технология өнер, шеберлік, 
біліктілік, жағдайды зерттеуге бағыт-
талған іс-әрекеттер жиынтығы ұғымын 
білдіреді. Егер қазіргі кездегі баспасөз 
материалдарына жүгінсек, бес бағытқа 
бағдарланған 50-ге жуық технология 
ғылыми түрде негізделген екен. Олар: 
қалыптасқан оқыту жүйесі, жетілдіріл-
ген технологиялар, баламалы техноло-
гиялар, дамыта оқыту технологиялары 
және авторлық мектептер [3].
Білім берудің даму бағыты мен тех-
нологияларын қамтитын көптеген педа-
гогикалық технология түрлерін қазіргі 
кезде оқытушылар қолданып жүр. Атап 
айтқанда, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов- 
тардың «Дамыта оқыту» [4], Ж.Қараев-
тың «Деңгейлеп саралау» технология- 
сы, М.М.Жанпейісованың «Модульдік 
оқыту» технологиясы, АҚШ универси-
тетінің профессоры Джинни Стиллдің 
«Сын тұрғысынан ойлауды оқу және 
жазу арқылы» дамыту технологиясы, 
«Ынтымақтастыққа оқыту», Педагоги- 
калық қарым-қатынастарды ізгілендіру 
мен демократияландыру негізіндегі 
Ш.А. Амонашвили, Е.И. Ильина әдісте-
мелері, В.Ф.Шаталовтың ойын элемент-
тері мен тірек сызбалары, қашықтан 
оқыту және ақпараттық технологиялар, 
т.б. Олардың әрқайсысының ғылыми 
тұжырымдамаларға негізделген мазмұ-
ны мен әдістемесінде ерекшеліктері 
бар, үрдістің мәнін түсіндіре алатындай 
тұрғыда құрылған [5].
Дамыта оқытудың негізін Ян Амос 
Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы ди-
дактикасында» айтып, талдап берген. 
Содан кейін ол К.Д.Ушинский, Л.С.Вы-
готский еңбектерінде қарастырылса
1969 жылы Ресей ғалымдары Л.В.Зан-
ков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. 
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың 
зерттеулері оқушыны «субъект» ретін-
де тануға бағытталған. Неміс педагогі
А.Дистервег «Дамыта оқыту» деп бала-
ның білім алуға жеке басының әрекет 
етуін ұйымдастыратын оқыту жолын 
атаған [6]. «Жаман» мұғалім ақиқатты 
дайындап өзі айтып береді, ал «Жақ-
сы» мұғалім оқушының өзін ізденуге 
жетелейді», - деген. Дәстүрлі оқыту-
да оқу процесін басқарушы (мұғалім) 
және орындаушылар (оқушылар) бол-
ды. Оларға көбінесе бұйрықты орындау, 
яғни қатал әкімшілікке бағынуға дейін-
гі шеңбер ішінде жүзеге асып жатты. 
Біз дәстүрлі оқытуда қарапайымнан 
күрделіге қарай, нақтыдан абстрактіге 
деген принципті мақсат еттік. Ал, да-
мыта оқыту жүйесінде бұған керісінше, 
баланың ойлауын абстрактіден қара-
пайымға қарай бағыттау қарастыры-
лады. Мысалы, оқушыға «Ө» әрпін өт-
кенде өріктің суретін көрсетіп, оның не 
екенін, дәмі, түсі, формасы қандай деп 
сұрағаннан гөрі өздерін ойландырып
ол туралы не білетінін, не айта алаты-
нын өзідерінен сұрап, білудің, олардың 
ойын дамытудағы тиімділігі зор [7; 8].
ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІН-
ДЕТТЕРІ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет