Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ЖАҢЫЛҒЫШ сын. Жаңыла бергіш. Саусақтар да жаңылғыш. Көз көргенді қол  көтермейді (С.Сматаев, Елімай)



Pdf көрінісі
бет250/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   348
18.08.2023 dis

ЖАҢЫЛҒЫШ сын. Жаңыла бергіш. Саусақтар да жаңылғыш. Көз көргенді қол 
көтермейді (С.Сматаев, Елімай). 
369. 
ЖАҢЫЛЫСҚЫШ сын. Жаңылыса беретін, шатасқыш. Сен сөзіңнен жаңылысқыш 
боп кетіпсің ғой (Ауызекі). 
370. 
ЖАР КӨКІРЕК Тоң мойын, бір бет. Сынатар жаратылған жүйрік аттай, Жүргізіп өзін-
өзі дөңеспенен. Жаманды жар көкірек жан деп білме, Құр кеуде көпті жеңген өңешпенен 
(Т.Ізтілеуов, Назым.).  
371. 
ЖАРАМСАҚ сын. Біреуге жақсы атанғыш, жағымпаз. Естай деген бір жарамсақ таз 
қойшы бар еді. Байына жағынам деп, сол иттің бүлдіргені. Шабынбай екі қой, екі киім 
ақымды шығарда бермей қалды (Ж.Аймауытов. Шығ.). Ақ көңілдігі маған да ұнайды, бірақ 
үлкенге табынғыш, өте жарамсақ жан (С. Талжанов, Ұлдай кегі). Абай ж арамсақ, жалтақ, 
қызыққұмар ақындармен айқаса шықты (Т.Әлімқұлов. Абай). Қинайды-ау әлдекімнен 
именгенің, Жарамсақ жалынышты күйге енгенің, Түскендей енді есіңе, Дөңбекшисің, Сәл-
сәл бір сәтсізірек үйленгенің (С.Иманасов, Ақдариға). // Жағымпаз, жалтақ адам
Бұрынғы бастықтың төңірегіне жиналған жарамсақ тар қызметтен қуылды 
(С.Шаймерденов, Сыбызғы.). 
372. 
ЖАСЫҚ ауыс. Жігерсіз, күйреуік, ынжық. Ал енді жақсы оқуы, дұрыс құлқы үшін 
шәкірттерге сый [наград] беру, үлестіру тіпті дұрыс емес. Мұндай сый алған балалар сый 
алу үшін ғана тырысып, кеуделеріне орынсыз менмендік, ретсіз тәкәппарлық кіріп, сый 
алмаған балалар күншіл һәм өзіне-өзі сенбейтін жасық болып шығады (М.Жұмабаев. 
Шығ.). Бір бес надан оңбассың, нансаң, онын қосқанға. Жасық, жаман болмассың, 
Жамандықтан қашқанға (Абай, Тол. жин.). Алашқа қайсар қырғыз бала ма екен, Қайғымен 
қайсар жаны жара ма екен?! Жаралы ел көшкен күнін жоқтай, жылай Құл болып, жасық 
жаспен қала ма екен?! (М.Жұмабаев. Шығ.). // Жігерсіз, күйреуік, ынжық адам. 
Жабырқаусың, жасықсың, Ондай көңіл сенде жоқ. Жалынды жастай болыпсың 
(І.Жансүгіров, Шығ.).  
373. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет