СПОРТ ЖАТТЫҒУ АМАЛДАРЫ
Дене тәрбиесі жүйесінің арнайы бөлімі болғандықтан спорт жаттықтыруларында дене тәрбиесі амалдары қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамы спорттық жаттықтыру міндеттеріне байланысты болады.
Дене тәрбиесі жаттықтырулары негізгі амалдары үш топқа бөлінеді: жарыстық жаттығулар;арнайы дайындық жаттығулары; жалпы дайындық жаттығулары.
Жарыс кезінде орындалатын негізгі жаттығуларды жарыс жаттығулары дейміз. Барлық жарыс ережесіне сәйкес орындалуы керек.
Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс жаттығуларына жайындау үшін қолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді: 1. Жақындататын жаттығулар – негізгі жаттығуларды игеруді жеңілдететін қимыл-әрекеттер. 2. Дайындық жаттығулары – негізгі жаттығулары меңгеруге қажет дене қуаты қасиеттерін (күш, жалдамдық, төзімділік т.б.)дамытатын жаттығулар. 3. Жарыс жаттығуларының бар бөлшегі түрінде орындылатын жаттығулар гимнастардың орындайтын көлемді жаттығуларының бөлшектері, жүгіргіштердің жүгіру қашықтықтарының бөлімдері. 4. Бейнелеу жаттығулары – жарыс жаттығуларын кеңістікке бейнелеу түрінде орындалатын жаттығулар (конькимен жүгірушінің дөңгелекті конькимен жүгіруі т.б.) 5. Басқа спорт түрлерінің жаттығулары (акробатикадағы сальто жасауды суға секірушінің қолдануы).
Жалпы дайындық жаттығулары спорт жаттығуларына көп ұқсамайды, спортшының қимыл-қозғалыс көбейтуге, жалпы жаттыққандығын күшейтуге арналады. Дайындық кездеріне байланысты жалпы дайындық және арнайы дайындық жаттығуларының көлемі өзгеріп отырады.
СПОРТ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Спорт жаттығуларының өзіндік ерекшелігі өзіне тән принциптерді тудырады.
Саналық принциптері – спортшының санасады жоғары спорттық шеберлікке жету мақсатын қалыптастыру.
Біртіндеушілік принципі – жүктемені жоғары ленгейге дейін біртіндеп өсіру.
Даралық приницпі – спортшының талантына, жаттықтыру әдістемесінің спортшының жеке басына байланысты өзгеруі, өзінді жаттығу тәсілін орындау мүмкіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: |