«гуманитарлыќ білім» факультеті


Пайдаланылатын әдәбиеттер



бет3/9
Дата25.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#25919
1   2   3   4   5   6   7   8   9



Пайдаланылатын әдәбиеттер.
а)негізгі :

1.Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. // “Қазақстан мұғалімі”, 23 шілде, 1999.

2.Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы. Астана, 1997.

3.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы. // “Ұлан”,№36, 10 қыркүйек, 2002.

4.Адам Құқығы жөніндегі халықаралық билль. / Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігімен бірлескен бастамасы шеңберінде біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы басып шығарған. Алматы, 2002.

5.Рувинский Л. Мамандыққа кіріспе.

6.Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Совет мектебінің мұғалімі. (1-лекция), Алматы, 2002.

7.Айтмамбетова Б.Р., Сәлиева Ұ.С. Студенттердің мұғалімдік мамандыққа қызығуын қалыптастыру. Алматы, 1985.

8.Айтматов Ш.Ұ. алғашқы менің мұғалімім.

ә) қосымша:

1.Қарабалина О. Ұстаз жүгі қашан да ауыр. Алматы, 1979.

2.Зимняя И.А. Педагогическая психология. М., “Логос”, 1999.

3.Кан-калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987. 14.1.

4.Педагогика / Под ред. П. И. Пидкасистого. Глава 4. М., 1996.

5.Педагогика и психология высшей школы. / Под ред. С.И.Самыгина. Часть II, гл. 1. Ростов на Дону: Феникс, 1998.

6.Хмель Н.Д. Педагогический процесс как объект профессиональной подготовки учителя. Алматы, 1984.

БІРІНШІ АРАЛЫЌ БАЌЫЛАУ

БІРІНШІ АРАЛЫЌ БАЌЫЛАУ

Таќырыбы

Балл

Баќылау т‰рі

1.

Педагогтік кәсіпке және шетел тілдері мұғалімдері мамандығына жалпы


сипаттама.

1.Мұғалімнің кәсіби – педагогикалық әрекеті: мәні, мақсаты, мазмұны, қызметі.


2.Қазіргі шетел тілі мұғалімінің бейнесі, оны кәсіби маңызды сапысы және біліктілігі.

2 б

Пікірталас.


2.


Педагог мамандығының ерекшеліктері.

1. Педагог кадрлар- істің тетігін шешетін негізгі тұлға.

2.Қазіргі кездегі педагогтардан талап ететін қасиеттер.

4 б

‡й тап.бойын.

тусін.с±рау.


Коллоквиум.

3.


Балалық шақ және балалар. Жалпы адамзат құндылықтары және

педагог – мұғалімнің кәсіби әрекетінің мақсаты.

1.Баланың тұлға ретінде қалыптасуы.

2.Баланың құқығы және нақты өмір жағдайы.

3.Жас ерекшелігіне байланысты мәселелерді шешу жолдары.

4 б

Пікірталас.


Глоссарий

4.


Мектеп оқушылары.

1 Мұғалім және қазіргі оқушылар.

2.Өзіндік сана- сезімнің қалыптасуы


6 б

‡й тап.бойын.

тусін.с±рау.

Тест.Реферат.

5.


Шетел тілі оқу пәні және оқушыларды дамыту мен қалыптастыру құралы ретінде.

1.Шетел тілдерін білу адамның кәсіби және тұлғалық өмір сүрүінің қажетті бөлігі ретінде.


2.Мектептегі оқу пәні ретінде “шетел тілінің ” ерекшелігі.

4 б



Семинар с±раќтары.

Коллоквиум.

6.


Ќазаќстан Респуликасындаѓы ќазіргі мектептерде білім берудіњ тілдік вариативтік Формалары.

1.Шетел тілін оќытуда коммуникативтік-когнитивтік т±жырымдары.


2.Ќазіргі педагогикалыќ технологиялар:инФормациялыќ жєнемультимедиялыќ ќ±ралдары,шетел тілдерін оќытуда олардыњ ролі .

4 б

‡й тап.бойын.

тусін.с±рау.

Реферат.

7.


Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде және оның кәсіби

жетілуінде педагог – шетел тілі мұғалімдерін қалыптастыру.

1.Адам дамуында білім берудың анықтаушы рөлі.

2.“Шетел тілдері мұғалімі” мамандығына квалификациялық сипаттама.

6 б

Семинар с±раќтары.

Тест.

Барлыѓы

30 балл



1-Сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Педагогтік кәсіпке және шетел тілдері мұғалімдері

мамандығына жалпы сипаттама.


Сабақтың жоспары:

1.Мұғалімнің кәсіби – педагогикалық әрекеті: мәні, мақсаты, мазмұны, қызметі.


2.Қазіргі шетел тілі мұғалімінің бейнесі, оны кәсіби маңызды сапысы және біліктілігі.


Теориялық мәліметтер:

Педагогикалық процестің өте тиімді болуы үшін мынадай жағдай қажет: мұғалім оқушыны оқыту мен тәрбиелеуге ынта - ықылас білдіруі және атқара алуы, олардың, оқуға деген ынтызарын оята білуі тиіс. Мұғалім мамандығын мәңгілік деп атайды. Адам өзі өмір сүргеннен бері әрдайым оқып білуге — өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға — өмір тәжірибесін саналы, мақсаткерлік тұрғыда меңгеруге талпынды. Жастар тәлімгері, әдетте, біршама көп білетін, әрі құрметті адамдар болды. Олар атқарып отырған істің маңыздылығы және тандаулы мүғалімдердін, беделі мұғалімдік мамандыққа айрықша ілтипат білдірді. Осыдан 300 жыл бұрын өмір сүрген, ғылыми педагогиканық негізін қалаушы славяндық ұлы педагог Ян Амос Коменский мұғалімдерге “ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары түрған ешнәрсе жоқ” ‘ деп жазды.



Мұғалім — қоғам мен өскелең ұрпақ аралығындағы сарапшы. Адамзат көп ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ үшін қоғам олардан және бұқаралық информация кұралдары арқылы ең бағалы және қажетті нәрселердІ алады, ал негізінен алғанда мұғалім арқылы жастар санасына сіңіреді. Мұғалім — бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды қалыптастыруға, солардың алдағы жағдайдын өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған . Мұғалім ең күрделі процестерді — жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттық ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мұның өзі әрқашан күрделі.Түптеп келгенде, қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді.Мұғалімге үйретуге ең сенгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады, яғни онын, қолында В. Г. Белинскийдің сөзімен айтқанда, адамның өмірлік тағдыры тұр. Мұғалім біздің үмітімізді және біздің қоғамымыздың болашағы — үйлесімді жеке басты тәрбиелейді. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт негізін қалайды. К Г. Паустовский «бақыт білімпазға келеді» деп әділ айтқан. Мұғалімдер үшін арнайы әзірлікпен және жалпы білімдарлықпен қоса, ойлаудағы икемділіктіц, танымдық және практикалық міндеттерді творчестволықпен шеше білудің де манызы зор. МұғалІм ойын қадағалау мүмкіндігі оқушылардың ойлау мәдениетін қалылтастырады.Алайда болашақ жас педагогтар үшін өзІн-өзі тәрбилеудің, кәсіптік-педагогикалық өзіндік пайдалы сипаттарын білгені жөн.Үйірсектік. Тұйық мұғалімге өзімен шәкірті арсындағы өзара түсінісушілік пердесін ысыруы оңайға түспейді. Оларға, үйірсек мұғалімдерге қарағанда, шәкіртінің ішкі әлеміне енуі едәуір қиынға түседі. Өзін-өзі ұстай білу. Өз эмоциясы мен сезімін меңгере білген мұғалім жоқтан өзгеге күйгелектенбейді, асығыс қорытынды мен ескертуді жасамайды, яғни орынсыз жазаламайды.Мақсатқа жетудегі табандылық. Іскер мұғалімдер өзі қойған талабынан қайтпайды. Ол: тамшы тасты өз күшімен емес, өзінің жиі таматындығымен теседі,— деген мақалдың мәнін жақсы түсінеді.Оптимизм және эзіл. Өте сыпайы, әрі орынды әзіл — тәрбие процесінін. бейсенділік катализаторы. А. С. Макаренко педагогтарға балалар коллективінде сергек, қуанышты көңіл-күй туғызу, тәрбиеленушіге «оптимистік болжамда» қарау, яғни оқушының жақсы жағына сену және тәрбиеде соған арқа-сүиеу қажет деп үйретті.Сонымен, мұғалімнің жеке сапасымен және педагоги-калық терен, білімділіғімен тұтасқан идеялық сенімділігі, оның кәсіби шеберлігінің берік Іргетасын қалайды. Педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шартты — баланы жақсы көру. Балаларды жақсы көрмей түрып, оларды адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Балаға салқын қарау көп жағдайда олардың мінез-қүлқына рақымсыздықтың, іс-әрекетіндегі теріс кылықтың пайда болуына әкеп соғады. Балаларды біреуді жаксы, ал—біреуді жек көруге тәрбиелеуге болмайды. Бала жаксы көргенді-жаксы көреді, күрметтегенді— құрметтейді. Олар әуелі ез «физигін», «математигін», «әдебиетшісін», сонан соң физиканы, математиканы неме-се әдебиетті ұнатады немесе ұнатпайды. Екіншіден, шәкіртін жақсы көрген мүғалім, жұмысын да ұнатады.Мұғалімнің жеке басындағы үйлесімділік көбінесе талапкершілігімен, көнбістігімен, эмоциялығымен, парасаттылығымен, сенімділігімен, сақтығымен, қаталдығымен және жұмсақтығымен айқындалады. Мұның барлығын мұғалім ешбір жерден таба алмайды, оны іс үстінде ез мінез-күлқын тексеру арқылы ғана және үнемі өзін-өзІ тәрбилеу нәтижесінде ғана тани алады. Соңғы жылдары мұғалімдердің біліктілігі едәуір арттырылды, қазір олардыд көпшілігінде жоғары педагогикалық білім бар.

Бақылау сұрақтары:

1.Мұғалімнің қолында адамның өмірлік тағдыры тұр.


2.Оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру.
3.Өзін- өзі ұстай білу.
4.Мақсатқа жетудегі табандылық.

5.Мұғалімнің жеке бас үйлесімдігі.

Студенттің үй тапсырмасы:

1.Мұғалім бойында қандай қасиеттер болғанда ісі

нәтижелі болады.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1.Мұғалімніњ кєсіби-педагогикалыќ єрекеті.

СӨЖ тақырыбы:

Мұғалімнің кәсіби – педагогикалық әрекеті: мәні, мақсаты, мазмұны, қызметі.


2-Сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Педагог мамандығының ерекшеліктері.

Сабақтың жоспары:1Педагог кадрлар- істің тетігін шешетін негізгі

тұлға.

2.Қазіргі кездегі педагогтардан талап ететін

қасиеттер.

Теориялық мәліметтер:

Білімдарлығы жағынан қазақтың өздері де құралақан еместігі белгілі. Дүние жүзінде екінші Аристотель атанған Әбу Насыр Әл- Фараби, ислам дүниесінде екінші мухаммед атанған Қожа ахмет Яссауи, Екінші геродот атанған Жүсіп баласүғүни мен Мухаммед хайдар Дулатилер т. Б.

Педагог кадрлар- істің тетігін шешетінн негізгі тұлға.

Мұғалім- жалпы білім беретін орта мектептердің қайсысында болмасын барлығында оқушыларға білім мен тәрбие беретін кәсіби маман. Ал түрлі бағдардағы кәсіби мамандық беретін орта оқу орындарында оларды көбіне оқытушы деп атайды. Білімдендіру, оқыту, тәрбие саласының ортақ атау- ұстаз, педагог, ал дене шынықтыру, тәрбие ісімен ғана шектелетін мамандарды- тәрбиеші, тілімгер деп атау да ана тілімізде берік қалыптасқан нұсқа.

Шартты түрде осылай бөлінгенімен де көп жағдайда бір- бірімен алмастырып айту өмір тәжірибесінде жиі ұшырасады. Мұғалімнің мектеп өміріндегі қызмет сан- саналы бағамен де атқаратын ең басты ісі- оқыту, тәрбиелеу және ғылыми әдістемелік, әлеуметтік педагогикалық жұмыстар.

Мұғалімнің кәсіби мамандығы мемлекеттік стандартты жүзеге асыруға сәйкес және үлгі- өнеге көрсетерліктей білімдарлық мен еңбеккерлік көрсететін болса, халықтық құрметті де абыройлы маман- тәлімгер болатындығы.

Әсіресе, мұғалімнен өзі оқытатын пәнді терең меңгеруімен бірге педагогика, психология, философия және қоғамдық ғылымдарды жетік білуі талап етіледі.

Мұғалімдердің тұлғалық, кәсіби абыройы паш ететін моральдық- имандылық қасиеттері мен көзқарасы, педагогикалық қабілеті мен кәсіби мамандығына шын берілген ынта- ықыласы. Сонымен қатар адамдармен қарым- қатынаста ортақ тіл табыса білумен бірге әдеп тағлымдарын сақтап, тиісті сәттегі жағдайды тез аңғарып, эмпатиялық тұрғыда сезініп, байқағыштық танытып педагогиканың техниканың заңдылықтарын қолдана білуге машықтану тұрғысынан қаралады.

Педагогика ғылыми қазіргі педагогтардан талап етілетін басты қасиеттер ретінде гуманистік және гуманитарлық сапаларға ерекше зейін, қоюға бағытайды. Әсіресе, баланың жан дүниесін терең түсініп, оқуға желісіндегі проблымаға баланың, ата- ананың көзімен қарап, дұрыс ұғыну.

Тәрбиенің бағдары мен сипатын шешетін және мазмұндық мәнді айқындап, ұйымдастыруға жетекшілік жасайтын, жүзеге асыруда басшылықтың тізгіні педагогта болатындығын естен шығаруға болмайды.

Жеке тұлғаны қалыптастыуда педагогтен талап етілетін қасиеттернді жетілдіру үшін педагогикалық білімді өрістетіп, кәсіби мамандықтың қыр- сырын терең ұғыну жолдарын өздігінен іздену әдістемелеріне машықтандыратын жаттығу тәсілдерін меңгеруді керек етеді.
Бақылау сұрақтары:

1.Қазақтың алғашқы педагогтарын ата.

2.Оқытушы деген кім дер?

3.Қазіргі педагогтардан талап етілетін негізгі қасиеттер.

4.Тәрбиеші, жаттықтырушының айырмашылығы.

Студенттің үй тапсырмасы:

Реферат.

Педагог кадрлар істің тетігін шешетін тұлға.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктерін ашып көрсету.

СӨЖ тақырыбы:

Мұғалімнің жеке басының үйлесімділігі .


3-Сабақ.

1.Сабақтың тақырыбы: Балалық шақ және балалар. Жалпы адамзат құндылықтары

және педагог – мұғалімнің кәсіби әрекетінің мақсаты.



2.Сабақтың жоспары: 1.Баланың тұлға ретінде қалыптасуы.

2.Баланың құқығы және нақты өмір жағдайы.

.Жас ерекшеліке байланысты мәселелерді шешу жолдары.

3.Теориялық мәліметтер:

Баланың жан дүниесінің ерекшеліктерін ажырату ушін жүргізілетін әдістемелік тәсілдер мүмкіндігіне ќарай ќысќа т±жырымдамаларды шапшаң жолмен ќұралғаны түсінікті болу керек. Баланьњ жеке басыныњ даму үрдісін жылдам зертгеп білуі үшін ыњғайлы жас кезеніне сәйкес болуы керек. Баланы оќытуда ќарым-ќатынас жасауда әңгіме, с±хбат жүргізу маќсатты түрде жоспарланып жазылуы керек. Ол барлыќ таќырыпќа катысты. Сабаќтыњ дамуын жан- жаќты ќамтитындай болуы керек. Оқытуда тест жүргізетін адам немесе психолог өзі жүргізетін сынактыњ методикасын жаќсы менгеру керек. Баламен жүргізілетін әнгіме одан алатын жауап күрылысы жағынан мынандай болу керек:

• Кіріспеде баланы бірлестікке шакырып ьгатымактастыктағы әнгімеге тарту.

• Егерде бала өз сөзіне есеп беріп өзіне-өзі басшылык жасай алмайтын болса, сөзге тартып жетекші сұрактар койып бағыт беріп отыру.

• Жалпы алғанда балаға койылатын сүрақтар мына тұрғыда болады.

1. Сен маған өзін туралы айтып бере аласың ба?

2. Бір-бірімен шамалы таныс болған сод, сен өз құрбыңмен ќалай ойнап карым-катынас жасайтыныңды білгім келеді.

3. Баланы жан-жақты толык зерттеу.

4. Баланын кызығушылығын, максат - мүддесін, бейімділігін байкау.

5. Қай жас кезеңінде болсада қарым - катынас жасау керек.

6. Балаларға койылатын сүрактардын өзі 3 түрлі болады:

• Жалпылама шолу

• Накты маќсатты сүраќ

• Күтпеген көлденен сұраќтар.

Әртүрлі оку әдістері ќазіргі уаќытта кәсіби білім беруде пайдаланылуда. Педагогикалык мінездемеге бағыт-бағдар беруде психологиялык негізге , таќырыптың маќсатык ќұрылыма, оку мазм±ны, олар µздері бір-бірімен ерекшеленеді. Түсіндіру -илюстрациялық әдіс, беховеральді - техникалык, акыл ой іс-әрекетің кезендері, проблемалы контексті болуы мүмкін. Оку әдісінде сынды ќолдау , оған жауап, дәстүрлі әдістерде теориялыќ, практикалық принаптер ќызмет жасамайды. Кәсіби міндетті болашаќ мамандар ќабілеттерін шешуде ажырамайды; студенттердің тәртіпсіздігі пассивтілігі осындай пробламаларды өздері шешуде кәсіби іс-әрекетке міндеттеу; адамдардыњ ішкі құрылымын және сырткы жағдайын, мінезін және іс-әректін оку контекстіиде жалғастыру ќабалдауға ыкпал ету, түйсіну және білім беудегі айкын ситуациялар, білінін маќсаты және мазмұныныњ косылуы, бұлардыњ барлығы жеке компоненттері. Ең алдымен контексті кәсіби пркатикалық әрекетті жасауда, студенттер оку ақпаратын меңгеруде және орындауды болжау. Жеке тұлғалыќ және бірлескен анализ және кәсіби ситуацияны шешуде маманның рүќсаты мен жүргізу, оку контекстінде А.А. Бербицкийдін формулировалды 7 негізгі принцпы бар:

• Студенттердің оќу әрекетіндегі жеке қорытындысы.

• Кәсіби әрекеттін түрлері және жағдайы, әдістемелік оку әрекетіндегі мазмұннын максаты.

• Оќу әрекетіндегі процесс және проблемалыќ пришштер және мазм±.ны.

• Оќу маќсатынын адекватты ќалпын ұйымдастыру

• Бірлескен іс-әрекеттегі тиімді әдістердің рөлі.

• Оқудын жеке принцпі және кәсіби тәрбие.

Оќу контексінде 3 базалык іс-әрекеттіњ түрлері және көптеген кезендері бар:

1. Оќу іс-әрекетіндегі академиялыќ тип. Болашаќ кәсіби іс-әрекетке контекстіњ араласуы.

2.Кәсіби квазиялык іс-әрекет жүмыс ойыны.Контекстті кәсіби іс-әрекет ойыны аудиториялыќ сабаќ түрінде ќалса сабаќтарды ќайта жаңғырту, кәсіби мамандардың әлуметтік және психологиялыќ мазмұнынын шығармашылығы.

Адамды коршаған жасанды және габиғи ортага, өмір ырғағы мен стііліне, элеуметтік топтар арасындағы өзара кәрым-катынасқа ғылыми-техникалық прогресс елеулі өзгеріс енгізді, адамдарға жана мүдделер мен кажеттіліктер туғызды. Әлемде информация тасқыны көбейді. Бүқаралык информация кұралдары — газеттер, журналдар, радио, телевидение кең epic алды.Осының барлығы, бүгінгі мектеп окушыларына үлкендермен, соның ішінде мұғалімдермен әзара карым-катынасына эсер етпей коймайды. Окушылар үшін мектеп біржақты информация көзі болудан қалып барады мұғалімдер өз шәкірперінің бүкіл адамзат ілімімен қаруланғанын көре бастады. Іске жаны ашитын, мектеп өмірі мен педагогикалық практикадағы келеңсіз құбылыстарға төзбейтін озат мұғалімдердің тәжірибелерінде балаларды педагог-тармен бірге оқу енбегіне қатыстыруға негізделген педагогикалық ынтымақтастық деп аталатын принциптер пайда болды және қалыптасты. Өз еркімен оқыту идеясына негізделген педагогикалық ынтымақтастық принциптері өте қиын жол, сабақтарда «тірек», «таяныштарды», басып озу тәсілдерін пайдалану, жұмысты бағалау, өзін-өзі талдау, ұжымдық шығармашылық тэрбие, кластың интеллектуалдық ортасы, өзін-өзі басқарудың творчествосы, шығар-машылық өнімді еңбек, ата-аналармен ынтымақтастық, мұғалімдер ынтымақтастығы т.б. мектептегі педагогикалық процестін творчес-тволық дамуы үшін кең жол ашады. Осы процестердің ерекшеліктерің ондағы өзгерістерді сергек сезіне білу және осыған сәйкес өз қызметін дер кезінде жолға қоя білу үшін қазіргі мұғалімдерге алғыр ойлы болуды, нақтылы тәрбие ықпалын жасай білуді талап етеді. Демек мұның өзі — тәрбиені окушыларға жекелей ықпал ету негізінде құру керек деген сөз. Мұндайда оқ)цііылардың жас ерекшсліктерін де, олардың, дербес жетілуін де білу қажет.

Жариалылык кезеңі коршаған ортаньщ көптеген "аќтањдаќтарын" ашып көрсетті. Солардын бірі-отбасынан тыс мекмелерде тәрбиеленіп жаткан балалар мәселелері. Жетім балаларды тәрбиелейтін интернат типтес мекемелерде тәрбиеленген жасөспірімдер үшін ен соңғы кезені- Әрі карай олар өзімдік өмірге аяк басады. Әдеттегі камқорлык пен өмір арнасынан айырылған олар бүған дайын емес болып шығады. Міне сондыќтан да балалар үйінін 14-15 жасар бітірушілерінін сұраќтарынын арасында өзінін болашағы туралы субъективті ойы бірінші орында тұрады.

Көпшілік мектептегі окушьшары мен интенат жасөспірімдерінін әлуметгік дамуының айырмашылығы тек, мысалы: біреулері отбасында, ал екіншілері отбасынан тыс интернат типтес балалар мекемелерінде тәрбиеленуінде емес, сондай-ак, "олардын коғамда кол жеткізген дәрежедегі орнын иеленуінде" . Осыған байланьісты отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленген жасөспірім тұлғасынын психологиялык даму мәселелеріне ерекше токталып, жан-жақты зерттеу кажеттілігін туындатады.

Балалар үйінде тәрбиеленушілердін ерекшелітерін даму өзгешелігін шет ел (А.Адлер, А.Фрейд,М.Винце) және отандык (МЛисина, М. Мещерякова) психолог зерттеушілер белсенді түде катысады.

Ағылшын зертгеушісі Л.Ярроу балалар үйінде тәрбиеленушілердін даму жағдайының 4 түрін аныктайды.

• Аналыќ депривация баланын билогиялык анасымен байланысынын жоктығы;

• Сенсорлыќ депривация балада әсерлердін әртүрлілігі және кабылдау айкындылығының кенеттен төмендеуі

• Әлуметтік депривация баланың баска адамдармен карым-катынастыи азаюы;

• Эмоциялыќ депривация ќоршаған ортамен ќарым-ќатынаста эмоцияның әлсізденуі, айналаны әлсіз сезінуі.

Әсіресе осындай депиренцияыц жетіспеушілігінен отбаснда өскен жасөспірімдерге карағанда балалар үйінде тәрбиелен жасөспірімдер жалғыздыкты қатгы сезінеді.Жасеспірім барлык уакытын жалғыздыкта етізеді, тіпті кейде баскалардан бөлектеніп тамактанады, аянышты әуенді тыңдау аркылы ойға шомып, киялға беріледі.Ішкі жан дүниесінің мазасыздығына күйзеледі, олардын оның орнын бір

нәрсемен толтырғысы келеді. Кейде наркотиктер немесе ішімдік ішу аркылы өзінің көнілдерін жұбатады.Осыған байланысты бұл жерде карым-катынас кажеттіліктері ұлғаяды.

Ағылшын психологы Р.Бернес "ана дипревациясы" мәселесін талдап келе: "Жеке адамньщ сезімсіз аграссивті Мен тұжырымдамасының жағымсыз дамуы баланын ата-анаға немесе ата-ана рөліндегі адамға бауыр басуын қалыптастырудағы сәтсіздіктерден пайда болады."-деп жазады.

Психолог Т.И.Юферева арнайы зерттеулер жүргізіп, интернат тәрбиеленушілердің психологиялық жыныстыктың калыптасуында белгілі бір аныкталған кажеттілік жұйесі, мотивін, құндылык максатын, этолонднрды, мінез-кұлыктын өзгеше амалдарын карастырған.Мұны Юферева интернат жасөспірімдері мен әдеттегі мектептердін "Мен казіргі әйел мен ер адамды калай елестетемін" деген тақырып бойынша шығарма жаздыру аркылы тексереді. Зерттеу кортындысында отбасында өскен жасөспірімдерде әйел мен ер адам бейнесінде және сонымен идеялы ретінде бірінші орында отбасы туралы түсінік тұрады және бұл ұғымдар кептеген жағымды сипатка толы. А.М. Прихожан, Н.Н. Толстых, М.И. Лисина жүргізген зерггеулер қорытындысы бойынша, егер әдеттегі отбасында тәрбиеленген жасөспірім өз әдемілігі туралы карсы жыныс өкілеріне айту сирек кездессе, интернатта мүндай фактілерден көзаша алмайсыз. Сондыктан да жыныстык кезендерді ерте бастап, одан ұялмайды, кайта мактан етеді.Егер белгілі себептерге байланысты жігіт пен кыз сексуалды партнер ретінде"бір-біріне кезек болмаған жағдайда" бүл әжептеуір әнгімеге айналады.

В.С. Мухина мүндай жасөспірімдердін мінез-кұлкындағы ауыткушылыктың негізгі себептері "сүйіспеншілікке кажеттіліктің" орындалмауы, бүл баланын жеке түлғасынын дефермациялануына әкеледі.Ата-ананын сүйіспеншілігіне каныкпаған бала тәрбиеге көнбейтін, даму барысындағы түлғалык киындықтарға, эмоциялык кысымға әкеледі, ол өтірік айту мен көре алмаушылык сезімдердің дамуына әсер етеді. Мүндай аффективті реакциялар Л.С. Славианның пікірінше , баланың коршағыш реакциясы болып табылады, ол сол аркылы өз мүмкіндіктерінің бағасын төмендетпеуге тырысады.

Шет тілін оқыту психологиясынын зерттеу обьектісі казіргі уакытга жеке белгі болып табылады, мысалы мазасыздану, кабылдау еткірлігі, кәсіпке бейімделу, ал кейде жалпы жеке тұлғалык • В.Штерн жеке тұлғаның психологиялык айырмашылыктар дамуы мен көбеюінін жалғаса істеуін 4 бағытка бөлді. Егер зертеуді ќаншалыкты вариантты жүргізсек, сұрьштау барысында карастырып жаткан касиеттеріміз соншалыќты кењ өрісті мағынаға ие болса, біз бірінші бағыттағы зерттеулерді жүргіземіз. Ал анықтау ќызыќ болып қарастырып жатќан ќасиетімізбен ќатар бізді қызыќтыратын белгі көрінсе біз басқа зерттеу жүргізіміз.

Сонымен біз бірінші және екінші жағдайдағыдай генезис пен болжау ретіндегі сұрактармен калмаймыз, бір уакыттык шешімге токталамыз . Егер жеке тұлғанын бір түтас ретінде көрінуіне келсек, бізге кызыкты касиетгер дамыуынын себептері мен кезендерін ашуымыз, тарихи тәсілді сактауымыз кажет. Тарихи жағдайда болу үшін, жеке түлғанын көп денгейлілігі мен көп факторлылығын ашуға тырысқанда, ненін немен кай уакытта көрінетінін білмегендіктен өзімізді типологиялык тәсілді колдану мүмкіндігімен камтамасыз етуіміз керек . Сондыктан екінші және үшінші зерттеу түрінде көлденен емес ұзына бойына киылыс жүргіземіз.

Сонымен казіргі уакытта жекелік айырмашылыктар психологиясы жеке психологиялык теорияларынын баскалар ортасында басымдылығы байкалып өзінін бірінғай еместігін сактап калды. Мысалы үшін акыл-ой кабілетінін теориясы жыныстык эволюциялық теориямен практикалык түрде байланысы жок, ал темперамент теориясынын жекелік ерекшеліктер теориясымен ешкандай байланысы жок. Сондыктан казіргі шет тілін окыту психологияның негізгі тенденциясы- бұл жеке тұлғаның жеке теориясындағы әртекті білімі мен жеке интеграциясы.

Өкінішке орай, казірде В.Штерн дифференциалды психология жеке кызметі және әйел психологиясы, суретші психологиясы, тағы баскалар монографияда талкылау тақырыбы болып калуы тиіс деген түжырымдамасы шындыкка сай келіп тұр болып .

Шет тілін окыту психологиянын негізгі бағытгары:

1Бір немесе бірнеше жеке түлғанын вариациялы (бір нәрсеніи өзгеше немесе өзгерген түрі)

2.Екі немесе оданда көбірек түлғаньщ корреляциалы (өзара катысты, байланысты) белгісі

3.Бір жеке тұлғанын көптеген белгілер катынасындағы психогеографиялык және вертикальды индивидуальдылығы

4.Екі немесе оданда көбірек жеке түлғанын көптеген белгілер қатынасындағы салстырмалы индивидуалдылығы
5.Бақылау сұрақтары:1. Баланың жан дүниесінің ерекшеліктері.

2.А.А. Бербицкийдін формулировалды 7 негізгі принципі

3. Өз еркімен оқыту.

4. казіргі шет тілін окыту психологияның негізгі

тенденциясы

5.Студенттің үй тапсырмасы:

Жас ерекшеліке байланысты мәселелерді шешу жолдары



6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы: Баланың тұлға ретінде қалыптасуы.Баланың құқығы және нақты өмір жағдайы.

СӨЖ тақырыбы: Балалармен өзара қатынасты дамыту.

7. Әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы. // “Ұлан”,№36, 10 қыркүйек, 2002.

2.Адам Құқығы жөніндегі халықаралық билль. / Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігімен бірлескен бастамасы шеңберінде біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы басып шығарған. Алматы, 2002.

3.Рувинский Л. Мамандыққа кіріспе.

4.Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Совет мектебінің мұғалімі. (1-лекция), Алматы, 2002.

5.Айтмамбетова Б.Р., Сәлиева Ұ.С. Студенттердің мұғалімдік мамандыққа қызығуын қалыптастыру. Алматы, 1985.


4-Сабақ.

1.Сабақтың тақырыбы: Мектеп оқушылары.

2.Сабақтың жоспары: 1 Мұғалім және қазіргі оқушылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет