108
ток пайда болады (пісіруден 20-30 % жоғары) және металл тесіп өтіп балқытылады.
Су астында доғалы кесу. Су астында кесуге арналған тұрақты
пісіру доғасы қалыпты
қоректену көздері пайдаланылғанда металл немесе көмір электродтары қолданылып алынуы
мүмкін. Су астында кесуге арналған электродтардың қалың су өткізбейтін қаптамалары болуы
керек, ол өзектен баяу балқытылатын болғандықтан (сумен салқындатылатындықтан),
электродта «күнқағар» пайда болады, ол газды көпіршік тұрақтылығына және доғаның тұрақты
жануына мүмкіндік туғызады. Электрод
қаптамасының су өткізбеуіне, әдетте, парафинмен
өңдеу арқылы қол жеткізіледі. Қаптама ретінде байланыстыру үшін
сұйық натрий шынысы
қосылатын темір жоса (сурик) (80%) және бор (20%) қоспасы қолданылады. Электродты өзек
үшін Св-08 немесе Св-08 ГС пісіру сымы қолданылады.
Пісіру тогының шамасы 1 мм электрод диаметріне 60-70 А есебінен белгіленеді.
Ауада
пісірумен салыстырғанда су астында доға кернеуі біршама жоғары болады.
Металдарды оттекпен доғалы кесу. Бұл тәсілде металл ең алдымен электр доғамен
балқытылады, осыдан кейін келетін оттек ағыншасында жанады және үрленіп шығарылады.
Ауамен доғалы кесу. Бұл тәсілде металл бұйым мен
көмір электроды арасында
қоздырылатын доғамен балқытылады. Металл қысылған ауа ағыншасымен жойылады. Ауамен
доғалы кесу кері полярлы тұрақты токпен орындалады. Өйткені тура полярлы доғада металл
тым енді бөлікте қыздырылады және металл жойылуы қиындатылады. Кейде айнымалы токта
қолданылады. Ауамен доғалы кесу үшін екі түрлі арнайы кескіштер қолданылады:
ауалық
ағыншасының сақиналық орналасуымен және бірізді орналасуымен. Ауалық ағыншасы бірізді
орналасқан кескіштерде электродқа қатысты қысылған ауа оны тек бір жағынан сүйірлейді.
Ауамен доғалы кесу үшін дөңгелек не тілімше пішінді көмір немесе графит электродтары
қолданылады. Ауамен доғалы кесу жиі жағдайда тот баспайтын болатты және түсті металдарды
өңдеуде қолданылады. Оның басқа өңдеу түрлеріне қарағанда
бірқатар артықшылықтары
баршылық: қарапайым, арзан және өнімдірек.
Достарыңызбен бөлісу: