- сыртқы əлеммен, басқа да мемлекеттермен өзара байланысты, туыс тайпаларға қатынасты білдіретін түркілер – табғаштар, түркілер – түргештер, түркілер – қырғыздар, түркілер – тоғыздар - оғыздар, түркілер мен басқа да этностар, «тізесі барлар» - «басы барлар» болы жіктеледі;
- өмір – өлім, жылағандар – қасірет шегушілер, балбалы – мəңгі тас этномəдени көзқарастарды, яғни дəстүрді, əдет-ғұрыпты, салттарды сипаттайды. Көне түркілердің мəдени жəдігерлеріндегі көне түркілік космогониясының мəдени антропологиялық мазмұны осындай.
Түркі дүниетанымында әйелдің орны бөлек. Түркі мифологиясындағы әйел бейнесі Ұмай анадан бастау алады.
Ұмай ана
Түркілердің «Ұмай ана» түсінігінде әйел тегіне деген текті ұғым жатыр. Көне түркілердің мифиологиясында «Ұмай ана» ұрпақ жалғастығын жебейтін періште саналады. Бізге жеткен деректерде ерте дәуірде Алтай тауын мекендеген түркі жұртты құрық бойы қар жауған бір қатты қыста қырылып қалады. Осы қақаған аязда Айсұлу атты қыз бөстекке оранып аман қалады. Оны Алтайдың үңгірін мекен еткен Аю батыр тауып алып, Айсұлуды сұлқ жатқан жерінен Ұмай ананың көмегімен тірілтіп алады. Көп ұзамай Аю батырдан Айсұлу жүкті болады. Аю батыр үйде жоқта толқақ қысқан Айсұлуды Ұмай ана жебеп, бір ұл бір қызды дүниеге әкеледі. Содан түркі қауымы рулы елге айналып, бүгінге күнге жетеді (Қазақтың мифтік әңгімелері. Құрастырған Ш.Ыбыраев, П.Әуесбаева. Ғылым баспасы. Алматы 2002). Яғни, көне бұл аңыздан ұғатынымыз «Ұмай ана» ұрпақ жалғастығын жебеуші мейірімді рухани күш саналады.
Жылан\айдаһар
Ойшыл жыланның қай мифтiк дәстүрде болмасын аса маңызды орынға ие екенiн, бiреуiнде жағымды, бiреуiнде жағымсыз, зұлымдық символы болғаны тек дiни iлiмдердiң жыланға деген көзқарасынан туындаған бағамдар екенiн, оның символдық мәнi барлық мифтiк дәстүрде: құпия танымның, эзотериялық бiлiмнiң, даналықтың, жасампаздық пен мәңгi тiрлiктiң, жасарудың символы екенiн айтады. Әрі қарай ойшыл жыланға қатысты: жылан-рудың рух-қамқоршысы, жылан өлiлер дүниесiнiң қожайыны (иесi, күзетшiсi), жыланның жер асты қазынасының иесi-күзетшiсi, жылан-билiк иесi сияқты түсiнiктердiң барлығы әйелге тән екені айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |