Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет40/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73
multi-293 x970856161

Рекрутингтік жүйелеу — рекрутментті басқару саласының ғылыми бағыты, оның мақсаты рекрутменттік қызметтерді ұсынудың көптүрлілігін, технологияларын, оның даму эволюциясын зерттеу болып табылады. Рекрументтік жүйелеуді төмендегі суреттен көруге болады.
Рекрутинг қолданылатын іздеу технологиясы: классикалық, тікелей іздеу технологиясы жəне скриннинг деп бөлінеді, осы технологиялар жеке жəне бірге қолданыла алады. Скрининг бұл формалды белгілер негізінде үміткерлерді іздеу болып табылады, ол жеке жəне классикалық рекрутинг кезеңінде де жəне тура іздеу технологиясында да қолданылады. Классикалық рекрутинг іздеудің белсенді емес əдістеріне негізделеді. Рекрутинг саласында қызмет атқарушыны рекрутер деп атайды, ол əлеуеттік үміткерлерді хабарландырулар, Интернеттегі түйіндемелерді талдау арқылы, яғни жұмыс іздеп жүрген адамдармен, жұмыс істейді. «Белсенді рекрутинг» жұмыс орнын ауыстырғысы келмейтін жəне оны іздеумен айналыспайтын адамдар арасынан іздеуді ұсынады.
Рекрутинг қызметін арнаулы агенттіктер, лайықты бөлімшелер мен кəсіпорындар қызметкерлері атқарады, онда сыртқы рекрутмент — бұл түрлі компаниялар мен кадрлық агенттіктердің, коммерциялық емес қорлар мен орталықтардың, вакансияларды толтыру үшін үміткерлерді таңдау бойынша мемлекеттік жəне басқа да рекрутингтік қызметтерді пайдаланушы ұйымдар болса, ал ішкі рекрутмент — бұл бөлімшенің кадр бөлімінің əлеуеттік үміткерлерді іздеу жəне таңдау, жұмысқа орналастыру жəне ары қарай бейімделу бойынша қызметі, яғни — кадрлық менеджмент функциясы. Сыртқы рекрументке еңбек нарығы, демографиялық жағдай, қоғамның экономикалық, əлеуметтік, техникалық дамуы, халықаралық жəне ұлттық заңнама əсер етсе, ішкі рекрументке ұйымның мақсаттары, қызмет ерекшеліктері, мөлшері, ұйымдық құрылымның қолданылатын технологиясы, нарықтағы мінез-стратегиясы əсер етеді жəне рекрументтің негізгі принциптерін көрсетуге болады.
Өндірісте рекрутменттің алатын орны ерекше, ол нарықтағы инфрақұрылымының негізгі элементі болып табылады, оның мақсаты үміткерді еңбекпен қамту, кəсіби бағдарлау, кадрларды дайындау мен қайта дайындау болып табылады.
Рекрутингтік қызмет нарығына мемлекеттік құрылымдар, кадрлық агенттіктер, рекрутингтік компаниялар, персоналды таңдаумен айналысатын фрилансерлер, кəсіпорындар, бастауыш, орта, жоғары, кəсіби білім беретін оқу орындары қызмет етеді. Кадрлық агенттіктер рекрутингтік қызметтерден басқа персоналды компанияның штатынан шығару (аутстаффинг), аутсорсингтік жəне кеңес берушілік қызмет атқарады. Сыртқы ортасының ерекшелігі, жоғары қозғалғыштығы мен тұрақсыздығы да, өңірлік сегменттің жоғары деңгейі деуге болады. 2013 ж. ресейдің персоналды таңдау нарығының көлемі 11,279 млрд руб., яғни 380 млн долл. құрап, сонымен, қазіргі ресейдің рекрутинг нарығы британдық нарықтан 100 есе аз, Ресейдің халқы 143 млн адам болса, Ұлыбританияда — барлығы 63 млн, ал американдық рекрутинг нарығы ресейдікінен 500 есе үлкен, ал халқы 2,2 есе көп (320 млн адам). Əлемдік нарықтан Ресейдегі персоналды таңдау сегменті мөлшермен мыңнан бір үлесін алады. Осы мəліметтер ресейлік жəне халықаралық рекрутингтік агенттіктерден: Adecco, Antal Russia, Cornerstone, Kelly Services, Manpower, Ventra Employment, «Контакт», «Анкор», «Империя кадров», «Юнити», сондай-ақ келесідей ұйымдардан «Эксперты рынка труда» жəне Ассоциация частных агентств занятости (АЧАЗ) алынды. 2013 ж. Ресейдің таңдау нарығы 16 % артты — бұл өсуді өте тез жəне қарқынды деп атауға болады 
Қазақстанның рекрутмент нарығы еңбек нарығындағы жаңа жолға тұра бастаған бизнес бағыт болып саналады. Дегенмен біртіндеп даму үрдісін байқатып отырған осы салада уақыт өте келе ойын тəртібі жақсарып, сауатты ұйымдастырыла бастаған. Нарық қатысушыларының мəліметінше, 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жағдайға сəйкес, рекрутингтік компаниялар кіріс көрсеткішін 10 % дейін арттыра алды. Қазір ойыншылар қызмет көрсету сапасын жақсарту жолында күш салып отыр жəне клиенттермен ұзақ мерзімді əріптестік орнатудың стратегияларын жасақтауда.
Бүгінде рекрутмент Қазақстанның Астана, Алматы сыңды ірі қалаларында қарқынды дамып келеді, сондай-ақ еліміздің Батыс аймақтарында да жақсы көрсеткіштер байқалады. Жаңа клиенттер іздеу жолында рекрутингтік агенттіктер жаңа мамандар іздестірумен қатар, кеңес беруші қызмет түрлерін де ұсынып отыр, яғни өндірістік компанияларға əріптестермен қарым-қатынас аясын кеңейтуге көмектесуде, сондай-ақ мамандар алдағы уақытта онлайн-рекрутинг дамиды деп отыр.
Қазір рекрутинтік компанияларда, кадрлық агенттер бөлімшелерінде, бөлімшелердің HR- қызметінде клиентті іздеу мен таңдаудың арнаулы технологиясына сүйеніп жасалған арнаулы технологиялар ұсынылады, олардың бірі классикалық рекрумент болып табылады, оның объектісі ретінде жұмыс іздеушілер, жұмыссыздар, еңбекпен қамтылмаған экономикалық белсенді адамдар алынады. Бұл рекрумент түрі орта топтағы персоналды іздейді, ол жұмыс істеп жүрген белсенді адамдардан үміткерлерді белсенді емес түрде іздеу болып табылады, осы классикалық рекрументтің негізгі жіктелімі:

  • кеңсе персоналдарын таңдау (Executive recrument);

  • орта топтағы жетекшілерді таңдау (Menedgement selection);

  • көпшілік рекрумент;

  • типтік позицияға мамандар мен сызықты менеджерлерді дайындау (Staff seletion);

  • оқу орындарының түлектерін іздеу жəне таңдау (Graduete recrutiment).

Классикалық рекрументтің негізгі қырлары: таңдаудың конвейерлік сипаты; іздеудің таңдап алынған процедурасы, рекрутингтік процедуралардың қатал уақыттық шектеулігі болып табылады.
Үміткерлерді іздеу агенттіктің мəліметтер базасымен, БАҚ, Интернеттегі арнаулы хабарландырулар арқылы алынады, орындау уақыты бірінші күннен кандидатты тапқанға дейін; классикалық рекрумент технологиясын қолдану кезіндегі нəтиже, агенттіктің тəжірибесіне байланысты 10–40 % аралығында ауытқиды. Адам ресурстарын жоспарлаудәсіпорынға қажетті штат және дұрыс орында сонымен қатар, дүрыс уақытты таңдалған қызметкерлерге ие болатындығына кепілдік беру қажет. Сонымен қатар ол кәсіпорындардың стратегиялық, қысқа мерзімді және операцияның жоспарларының бөлшегі болуы керек. Ірі сервисті кәсіпорындардағы адам ресурстарын жоспарлау,өндірістік кәсіпорындардағы жоспарлауға үқсас болып келеді. Кіші кәсіпорындарда және Burder King сияқты сауда орны бөлімшелерінде жоспарлау қызметтің үлкен емес бөлігін алады. Штат негізінен оқуға оралатын және бұл жұмысты уақытша деп санайтын, жоғарғы сатыға көтерілуге талпынатын белсенді қызметкерлерден тұруы мүмкін. Бәлкім, қызмет көрсету саласындағы жоспарлау ірі кәсіпорындарда кең масштабты жоспарлаудан, тұрақты кәсіпорындарда тар масштабтыға дейін шыңдаған кішігірім кәсіпорындардағы кризисті жоспарлауға дейін түрленеді. 5.1 Кестеде қызмет түрлеріне байланысты еңбек ресурстарын жоспарлаудың уақыттық шегінің негізгі жіктемелері көрсетілген. Жоспарлаудың уақыттық шегі болжауға негізделеді. Қолданылатын болжау әдісін таңдау қиынға түсуі мүмкін. Ірі фирмалар адам ресурстарындағы қажеттіліктермен қатар керекті еңбек дағдылары бар адамдарды тартуды болжаулары қажет. Ресурстағы қажеттіліктер фирманың бірлескен мақсаттары мен саясатын, қызметкерлерді тартуды, олардың оқуы мен дамуын, ағындылығын, қызметі бойынша жылжуын, жаңа міндеттер мен штаттына (жұмысшылар санын/қысқартуды ескеруі қажет) байланысты.
Қызметтер аясының рыноктық трансформациясын қарастыру кезінде, біз, халық шаруашылығының жеке салалық сегменттеріндегі, соның ішінде туристік қызметтер нарығының жағдайы мен болашағына назар аудару қажет деп ойлаймыз.
Персонал қызметтер аясы қоғамның экономикалық және әлеуметтік ұйымдастырылуында маңызды орын алады. Аталмыш аяның функциялануы өндіріс пен тұтынуға, халықтың еңбек ету жағдайы мен тұрмыс деңгейіне өспелі әсер етеді. Қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің ажырамас құрама элементі бола тұра, туристік қызметтер, қоғамның басты өндіргіш күші, ұдайы өндіріс процесінің объектісі мен субъектісі - адамның қалыпқа келуінде, еңбек, оқу және тұрмыстық белсенділік барысында жұмсалған накты және рухани күштерін қалпына келтіруде аса үлкен рөл атқарады.
Еңбектің интенсивтілігі мен құрылымының өзгеруі, дене еңбегінің автоматтармен жұмыс істеу және механизмдерді басқару бойынша жасалатын қызметке ауысуы, эмоционалды және интеллектуалды ауыртпашылықтың өсуі мен дене белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар, жұмысшы күшінің ұдайы толықтырылуына қажетті жағдайлардың бірі - бос уақыт ұзақтылығының артып, оны пайдалану түрлері мен әдістерінің көбеюі орын алды. Бос уақыт ұзақтылығының артуы мен қоғамның тұлға дамуындағы, денсаулықты сактауы мен жақсартуындағы, халықтың әлеуметтік-еңбекті әлуетін жақсартуындағы оның пайдалану маңыздылығын түсінуі, туристік қызмет аясы және онымен байланысты қызмет түрлерінің функциялануларына негіз салды.
Қызметтер аясының құрама бөлігі ретінде туристік кызметтер аясы, туризм субъектілеріне, яғни туристер мен бір күндік саяхатшыларға көрсетілетін қызметтерге сәйкес анықталады. Ол адамның саяхаттауға, демалуға, экскурсияға шығуға және т.б. деген қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағдарланған. Сөйтіп, еңбекшілердің бос уақытының кезеңдік және объективті шегін кеңейту, оны мазмұнды және пайдалы демалыспен толықтыру, жалпы ой-өрісті дамытуда бұл саланың басты мақсатын көреміз. Туристік қызметтер аясының барлық әсерлерінің жиынтығы, адамның жоғарғы тәртіптегі қажеттіліктерінің жұзеге асуының жаңаша сапасын білдіреді. Бұл сапа мерзімді ұзарту сипатына ие, кейінгі белсенді еңбек қызметі барысында байқалуы мүмкін, сондықтан одан барша қоғамның тіршілік әрекетінің тиімділігі байланысты болады деп тұжырымдаймыз.
Персонал қажеттіліктерін қанағаттандыруда көрсетілетін негізгі қызметтер қатарына көлік, қонақ үй, қоғамдық тамақтандыру орындары, турфирмалар қызметтерін, сондай-ақ, бірқатар қосымша қызмет түрлерін жатқызуға болады. Сондықтан да, туристік қызмет аясы мамандандырылған және айқын туристік сипатқа ие емес, «екінші ретті» кәсіпорындар (мысалы, жол құрылысы, отын өнеркәсібі және т.с.с), қызметтер аясы араларындағы байланыстылыкты білдіріп, көп салалы ұйым ретінде көрінеді. Осыған байланысты, кей экономистер «туризм индустриясын», «қызмет ету аясы ресурстарының индустриясы», яғни қызмет көрсететін салалар жиынтығы ретінде ұсынып, тұтынылған материалды және бейматериалды игіліктерді туристік қызметтер ретінде карастыруды алғатартады.
Осы тұрғыдан, жаңа саланың құрылуы, түрлі кәсіпорындардың халық шаруашылығының жеке салаларына ұйымдық бағыныштылығын білдіретін, жинақтау ретінде қарастырылса, туристік қызметтер, шын мәнісінде көлік, қоғамдық тамақтандыру және с.с. жұмыскерлерінің еңбек нәтижесін білдіреді. Біздікінше, бұл оймен келісуге болмайды, себебі тұтыну белгісі немесе қызмет көрсету бағыттылығы жаңа саланың қалыптасу белгісі ретінде емес, қандай-да бір кәсіпорынды қызмет ету аясына жатқызуға негіз ретінде алынуы қажет.
Саланың қалыптасу белгісі болып, қоғамдық еңбек бөлінісі жұйесінде атқаратын қызметтер сипатымен ерекшеленетін салалар бойынша қызмет әрекеттерінің түрлері саналатындығы жалпыға мәлім. «Туристік қызметтер индустриясына» қатысты саланың қарастырылуы, туристік қызметтер қатарына, туристердің тұтынатын барлық тауарлары мен қызмет түрлерінің жатқызылуын білдірер еді. Ал бұл, аталмыш саланың қоғамдық еңбек бөлінісі жұйесінде дербес бола алмауына куәландыратындықтан, мұны да бұрыс деп білеміз.
Сонымен, демалыс пен белгілі бір спорт түрі ретінде ғана көрінбей, экономиканың маңызды саласы болып келетін туристік қызмет ету, халық шаруашылығының көптеген салаларының мамандары ұсынатын қызметтерді пайдаланады. Басқаша айтқанда, туристік сапар ретінде көрінетін халықтың демалысы белгілі бір қозғалыс түрінде ғана емес, оны ұйымдастыру бойынша қоғамдық еңбекті жұмсаудың белгілі бір аясы ретінде сипатталады. Еңбек қызметінің процесі, әдетте, туристік маршрутты әзірлеу, аудандар мен облыстар бойынша маршруттарды түзету мен сәйкестендіруді, туристердің материалды және бейматериалды игіліктерді тұтынуын ұйымдастыруды; туристік «қызметтерді» ұсыну мақсатымен гидтер, экскурсоводтар, нұсқаушылар мен маршруттардың жетекшілерін баулу; туристік жолдамаларды өткізу мен жарнама жасауды қамтидьі. Бұл дегеніміз, туристік ұйым жұмыскерлерінің еңбек нәтижесі, мысалға, арнайы баспасөз басылымдары, жарнамалық проспектілер, буклеттер және т.с.с. түрінде көрінеді және де гидтер, экскурсовод, тағы басқалары еңбегінің пайдалы әсері ретінде түтынылады. Соңғылары еңбегінің пайдалы әсерін олардың экскурсия жұргізуге, туристік сапарға шығартуына жұмсаған уақыт шығынымен немесе осындай қызметтерді туристерге ұсыну үшін жұмсалған ақша сомасымен өлшенуі мүмкін. Осылайша табиғи, не болмаса ақшалай көрсеткіштермен өлшенетін сандық анықтамасы туристік қызмет индустриясының кей жұмыскерлері қызметтерінің көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Туристерге қызмет етуді ұйымдастырумен байланысты әрекет қызметімен, туризм және спорт бойынша Комитеттің қызметкерлері секілді, қызметпен қамтылатын контингентпен тікелей араласпайтын адамдар айналысады.
Туристік ұйымдар қызметінде өндіргіш функциялардың басымдығы туралы ойдың болуына қарамастан, «туристік қызметтер индустриясы» материалды өндірісті кәсіпорындарынан басқа, бейматериалды сипаттағы кәсіпорындарды біріктіреді. Қалай дегенмен, бүгінгі күні туристік қызмет көрсетуді, туристік мәселелерді зерттеудің ғылыми-үйлестіруші орталығымен, кеңді ақпарат және келешегінің дамуын болжамдаумен қамтылған, дербес сала деңгейіне қою қажеттілігі туды.
Туристік қызметтің ұсынылуын және туристік қызметтер аясының дамуын, ең алдымен, жалпы ұлттық өнімнің, жұмысшы күшінің ұдайы өндірілуінде және сәйкес экономикалық қатынастардың ұдайы жаңғыртылуында қатысуы тұрғысынан қарастыру қажет. Дегенмен де, туристік қызметтердің халыққа ұсынылуы, маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің шешілуінің алғы шарты болды.
Ең алдымен, туристік қызметтер аясының дамуы, туризмге қатысты салалардағы мамандарды туристік қызмет индустриясына біріктіре отырып, жұмыс орындарын құруға, халық арасында жұмыспен қамтылуды жоғарылатуға әкеліп, әлем бойынша орын ауыстыратын туристердің кажеттіліктерін толығырақ қанағаттандырып, қызмет етуге жұмылдырылады. Бүгінгі күні туристік қызмет индустриясында жұмыскерлермен қатар, негізгі құралдар мен ірі қаржылар да қамтылғандықтан, оны ірі бизнес, үлкен ақша және ғалами деңгейдегі қатаң саясат ретінде сипаттауға барамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет