С. Н. Саденова
басқару шешімдерін әзірлеу
Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
С. Н. Саденова
басқару шешімдерін әзірлеу
Оқу құралы
Павлодар
Кереку
2013
УДК 65.01(075.8)
ББК 65.050.2я73
С15
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен шығаруға мақұлданған
Пікір жазғандар:
С. К. Кунязова – экономика ғылымының кандидаты, профессор, экономика кафедрасының меңгерушісі;
Г. Е. Нурбаева – экономика ғылымының кандидаты, ИнЕУ-дің есеп және қаржы кафедрасы доцентінің м.а.;
Д. М. Хамитова – экономика ғылымының кандидаты, ИнЕУ-дің экономика кафедрасы доцентінің м.а.
Саденова С. Н.
С15 Басқару шешімдерін әзірлеу : оқу құралы / С. Н. Саденова. – Павлодар : Кереку, 2013. – 113 б.
Басқару шешімдерін әзірлеу оқу құралы оқу курсын толығымен тиянақты меңгеруге арналған негізгі оқу материалдар толығымен қамтылған
Экономикалық мамандықтарды даярлайтын жоғары оқу орындарының студенттеріне және экономика саласы қызықтыратын көпшілік оқырмандарға арналған.
Оқу құралы оқылатын пәннің оқу жұмыс жоспарына және бағдарламасына сәйкес әзірленген.
УДК 65.01(075.8)
ББК 65.050.2я73
© Саденова С. Н., 2013
© С. Торайгыров атындағы ПМУ., 2013
Материалдардың дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Кіріспе
Адамзаттың бүкіл тарихы мәні бойынша әртүрлі шешімдер мен олардың салдарларының жиынтығын көрсетеді. Бір шешімдер ұзақ уақытқа бірқатар халықтардың тағдырларын анықтаған болса, басқалары аса маңызды болған жоқ, үшіншілерін адам өзі үшін ғана қабылдаған. Барлық жағдайларда шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру процедураларында әлдебір ұқсастықтар болды. Біртіндеп шешімдерді әзірлеу тәсілдері, әдістері, ал содан кейін технологиялары да жасалынған болатын. Бұнда әсіресе негізгі элементі статегиялық және тактикалық шешім болып табылатын әскери ойындар әзірлеген әскери қызметкерлер алда болған. Шешімдермен математиктер айналысқан. Компаниялардың басшыларының көбі шешімдерді әзірлеу мен іске асыру процедурасына басқару өнері ретінде қарады.
Еңбектің бөлінуі және басқару қызметтерінің қызметтің дербес сферасына бөлінуі шешімдердің дифференциациясына да алып келді – басқарушылық шешімдер бөлініп шықты.
«Басқару шешімдерін әзірлеу» пәнінің мақсаты – студенттерді әртүрлі жағдайда басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру саласында теориялық білімдерді алуы және тәжірибе жүзінде дағдылануы.
Пәннің міндеті - басқарушылық мәселелерді терең талдай алатын және нәтижелі басқарушылық шешімдер қабылдай алатын мамандарды дайындау, жаңа басқарушылық ойды, басқарушылық шешімдерді өңдеу және орындауды іске асырудың нақты дағдылары, басқарушылық шешімдер жайлы тәжірбиелік білімдер кешенін құру.
Басқару теориясы мен тәжірибесінің қазіргі заманғы даму кезеңі менеджердің шешетін мәселелерінің едәуір өзгеруімен және күрделінуімен сипатталады. Қабылданатын басқарушылық шешімдердің сапасына қойылатын талаптар елеулі түрде көтерілді, ұйымдардың жұмысындағы күрделі жағдайларға жылдам әсер етудің қажеттілігі туды. Нарықтық экономика жағдайында басқарушылық шешімдердің сапасы мен тиімділігін көтеру мәселелері үлкен динамизм мен сыртқы орта факторларының ұйымға қысым жасау нәтижесінде өзекті болады. Себебі бұл кез бәсекелестіктің шиеленісуімен, ақпаратты өңдеудің күрделілігімен және өндірістік-шаруашылық іс жағдайларының белгісіздігімен, оның көп факторларын алдын ала болжаудың нашарлауымен, тәуекелдің өсуімен, дұрыс емес шешім қабылдауға алып келетін қателердің қымбатауымен сипатталады.
Басқарушылық шешімдер басқару қызметінің нәтижесі болатындықтан «Басқару шешімдерін әзірлеу» пәнінің зерттеу объектісі барлық әлеуметтік сала болады.
«Басқару шешімдерін әзірлеу» оқу құралы студенттерге басқарушылық шешімдерді жасаудың ең тиімді схемаларын таңдауға, сонымен бірге шешімдердің сапасын анықтайтын ең маңызды және елеулі факторларды есепке алуды үйретеді.
Берілген оқу құралын құрастыра отырып, автор жоғарыда аталған бағыттарды іске асыру бойынша университеттің оқу-әдістемелік базасының дамуына ықалын тигізеді деп ойлайды.
«Басқару шешімдерін әзірлеу» пәнінің оқу құралы емтиханға дайындалу кезінде де, пәнмен алғаш танысу кезінде де қажет болады.
1 Басқару шешімінің мәні мен мазмұны
1.1 Басқару үрдісіндегі шешімдердің ролі. Басқарушылық шешімдердің мәні
Тар мағынада шешімдер – бұл мақсатқа жету үшін әрекеттердің белгілі нұсқасының баламасын таңдау.
Кең мағынада шешімдер міндетті түсінуден, баламаларды тұжырымдаудан, оларды бағалаудан, таңдаудан, таңдалған баламаны іске асырудан тұрады.
Адамдар қабылдайтын шешімдер алуан түрлі. Олар 1.1-суретке сәйкес түрлі сипаттар бойынша ерекшеленеді.
1.1-сурет – Шешімдердің негізгі сипаттамалары
Әрбір адам маңыздылығы бойынша әртүрлі шешімдер қабылдайды. Олардың біреуі аса маңызды емес – мысалы, қала бойынша жүру кезінде көлікті таңдау. Басқалары едәуір маңызды – мысалы, болашақ мамандықты таңдау. Бірақ екі жағдайда да қабылданатын шешімнің садары берілген шешімді қабылдаған тұлғаға тікелей ғана қатысты.
Таңдау нәтижесі ретінде шешім әдетте жазбаша немесе ауызша түрде бекітіледі және қойылған мақсатқа жету бойынша әрекеттер жоспарынан (бағдарламасынан) тұрады.
Шешім адамның күш-жігерінің көрінісі және ойлау қызметінің бір түрі болып табылады. Оны келесі белгілер сипаттайды:
- көптеген баламалы нұсқалардан таңдау мүмкіндігі: егер баламалар болмаса, онда таңдау жоқ, демек шешім де жоқ;
- мақсаттың болуы: мақсатсыз таңдау шешім ретінде қарастырылмайды;
- шешім таңдаған кезде шешім қабылдайтын тұлғаның жігерлі әрекетінің қажеттігі, себебі шешім қабылдайтын тұлға шешімді уәждер мен пікірлер күресі арқылы қалыптастырады.
Тиімді шешімдерді қабылдау аса өзекті міндетті көрсетеді. Салдарлары ірі ұйымдарға, адамдардың үлкен санына қатысты шешімдерді қабылдау тиіділігінің жоғарлауы одан да маңызды. Мұндай ұйымдық шешімдерді менеджерлер қабылдайды.
Басқарушылық (ұйымдық) шешімдерді не ерекшелендіреді?
- мақсаттар. Басқару субъектісі (топ немесе индивид болса да) өз қажеттіліктерінен емес, нақты ұйымның проблемаларын шешу мақсатымен шешім қабылдайды.
- салдарлар. Индивидтің жеке таңдауы оның өз өмірнде білінеді және оған жақын біршама адамдарына әсер етуі мүмкін. Менеджер, әсіресе жоғары рангтегі, әрекеттер бағытын өзіне ғана емес, сонымен қатар ұйым және оның қызметкерлері үшін де таңдайды және оның шешімдері көптеген адамдар өміріне едәуір әсер етуі мүмкін. Егер ұйым үлкен және ықпалды болса, оның басшыларының шешімдері бүкіл аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына маңызды әсер етуі мүмкін. Мысалы, компанияның рентабельді емес кәсіпорынын жабу шешімі жұмыссыздық деңгейін едәуір жоғарлатуы мүмкін.
- еңбек бөлінісі. Егер адам жеке өмірінде шешім қабылдағанда әдетте оны өзі орындаса, онда ұйымда белгілі еңбек бөлінісі бар: қызметкерлерінің біреулері (менеджерлер) пайда болған проблемаларды шешумен және шешімдер қабылдаумен айналысады, ал басқалары (атқарушылар) – қабылданған шешімдерді іске асырумен айналысады.
- кәсіпқойлық. Жеке өмірде әрбір адам өз парасаты мен тәжірибесі арқасында шешімді дербес қабылдайды. Ұйымды басқаруда шешімдерді қабылдау – кәсіби дайындықты талап ететін анағұрлым аса күрделі, жауапты және формализацияланған процесс. Ұйымның әрбір қызметкері емес, тек белгілі кәсіби білімдер мен дағдыларға ие қызметкер ғана белгілі шешімдерді дербес қабылдау өкілеттігіне ие.
Ұйымдарда шешім қабылдаудың мұндай ерекшеліктерін қарастырып, басқарушылық шешімге келесі анықтама беруге болады.
Басқарушылық шешім – бұл ұйым мақсатына жетуге бағытталған және басшының лауазымдық өкілеттігі мен құзырлығы шеңберінде ол жүзеге асырған баламаларды таңдау.
Әрбір басшының қызметі компанияда оның лауазымдық міндеттерін орындау шеңберінде шешімдерді әзірлеумен және жүзеге асырумен байланысты. Әлеуметтік жүйе ретінде ол өзіне сонымен қатар техникалық және биологиялық жүйелерді қосады. Дербес шешімдердің 3 типін қарастыру орынды: техникалық (технологиялық), биологиялық және басқарушылық.
Басқарушылық шешімдер басқарушылық қызметтерді, соның ішінде қандай да процестерді жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру мен бақылау бойынша, орындаумен байланысты. Бұл шешімдер бұйрық, іскерлік әңгімелесу, нұсқаулар және т.б. түрде іске асырылады.
Шешім басқарушылық деп аталады, егер де ол әлеуметтік жүйе үшін әзірленсе, іске асырылынса және келесілерге бағытталынған:
- ұйым қызметін стратегиялық жоспарлауға;
- басқарушылық қызметті басқаруға;
- адам ресурстарын басқаруға (білімді, ептілікті, дағдыны белсендендіру);
- өндірістік және қызмет көрсететін қызметті басқаруға;
- компанияны басқару жүйесін қалыптастыруға (басқару әдістемесі, құрылымы, процесі, механизмі және техникалық қамтамасыз ету);
- басқарушылық кеңес беруге;
- ішкі немесе сыртқы коммуникацияларды басқаруға.
«Басқарушылық шешім» термині екі негізгі мәнде қолданылады – процесс ретінде және құбылыс ретінде. Процесс ретінде басқарушылық шешім – бұл жеті негізгі процедураны орындау: ақпараттық дайындық, нұсқаларды әзірлеу, бір нұсқаны таңдау, бекіту, іске асыру, басқарушылық шешімдердің орындалуын бақылау және шешім инициаторын ақпараттандыру.
Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесі жауапты болып табылады, отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық және әдістемелік жұмыстарын, сонымен қатар жинақталған және жүйелі практикалық тәжірибені қолдануды талап етеді. Басқарушылық шешім – бұл басқарылатын жүйенің қызмет етуінің субъективті заңдарын білу негізінде және оның қызмет етуі туралы ақпаратты талдау негізінде басқару субъектісінің шығармашылық, жігерлі әрекеті. Ол проблеманы шешу бойынша ұжым қызметінің мақсатын, бағдарламасы мен тәсілдерін таңдаудан және бар мақсатты өзгертуден тұрады. Басқарушылық шешім басқару процесінің негізін құрайды. Кәсіпорын немесе ұйым шеңберінде басқарушы шешімдердің барлық типтерін қабылдайды. Сондықтан да басқарушылық шешімдердің инициаторынан технологиялық салаларда да жақсы білімдер талап етіледі
1.2 Басқару шешімдерінің экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, құқықтық және технологиялық мәндері
Басқарушылық шешім компанияның экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, құқықтық және технологиялық мүдделеріне әсер етеді. Сондықтан басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру басқарушыдан шешім құрамы мен мүмкін нәтижелерге кең көзқарасты талап етеді.
Басқарушылық шешімдердің экономикалық мәні – кез келген басқарушылық шешімді әзірлеу мен іске асыру үшін қаржылық, материалдық және басқа ресурстар қажет етілуінен тұрады. Сондықтан әрбір басқарушылық шешім нақты өзіндік құнға ие. Ол басқарушылық қызметінің нәтижесі болып табылады және компанияға тура немесе жанама табыс әкелуі керек. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асырудан материалдық пайда мүмкіндігі мен шығындарды салыстыру арқылы бұл жұмысты өткізу орындылығын анықтауға болады.
Басқарушылық шешімдердің ұйымдық мәні - басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру үшін компания сәйкес мүмкіндіктеріне ие болуы керек, соның ішінде:
- компанияның қажетті персоналы;
- қызметкерлердің өкілеттіктерін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін реттейтін нұсқаулар мен ережелер;
- барлық қажетті ресурстар, соның ішінде ақпараттық;
- техникалар мен технологиялар;
- бақылау жүйесі;
- жұмысты үнемі үйлестіру.
Бұл барлығы басқарушылық шешімнің едәуір құрама бөлігі.
Басқарушылық шешімдердің әлеуметтік мәні – басқаруға қатысушыларының барлығының өзара әркеттесуіне жету мақсатымен атқарушылардың басқару механизмінде жатыр. Басқарушылық шешімнің өзінде немесе оны әзірлеу мен іске асыру процесінде адамның қажеттіліктері мен мүдделері, уәждері мен ынтлары, ережелері мен құндылықтары, қауіптері мен үрейлері есепке алынуы керек. Әлеуметтік мән шешімнің жалпы мақсатында көрінуі қажет. Әлеуметтік бағдарсыз басқарушылық шешімдер технологиялық мәнінің әсері басым технократиялық сипатқа ие болады және оның басты мақсаты техникалық өнімнің берілген сипаттамасына жету болады.
Басқарушылық шешімдердің құқықтық мәні – берілген шараларды құқықтық өрісте жүзеге асыру мүмкіндігінде жатыр, яғни ҚР заң актілерін, халықаралық міндеттемелерді, компанияның жарғылық және басқа құжаттарын қатаң сақтау. Құқықтық өрісте басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру мүмкін еместігі шешімді жоюға алып келуі керек. Егер әзірленген шешім жойылатын болса, компания едәуір жоғалтуларға тап болуы мүмкін, ал шешімді заңсыз іске асыру жағдайында айыппұл есептелуі немесе басқарушылық шешім инициаторларының біреуіне қылмыстық қудалау болуы мүмкін. Заңдылықты білмеу заң бұзушылықты жауапкершіліктен босатпайды.
Басқарушылық шешімдердің технологиялық мәні – басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыруға қатысатын персоналды қажетті техникалық, ақпараттық құралдармен және ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіндігінде көрінеді. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыруды жоспарлай отырып, басқарушы біруақытта ол үшін технологиялық негізді қалыптаструы қажет.
Бақылау сұрақтары
1. Шешімді қандай белгілер сипаттайды?
2. Басқарушылық шешімдердің ерекшеліктері қандай?
3. «Басқарушылық шешім» түсінігінің мәнін ашыңыз.
4. «Басқарушылық шешім» термині процесс ретінде және құбылыс ретінде нені білдіреді?
5. Басқарушылық шешімдердің экономикалық мәні неде?
6. Басқарушылық шешімдердің құқықтық мәні нені білдіреді?
7. Басқарушылық шешімдердің ұйымдық мәнін сипаттаңыз.
2 Басқару шешімдерінің типологиясы мен оларға қойылатын талаптар
2.1 Басқару шешімдерін жіктеу
Басқарушылық шешімдерді жіктеу 2.1 және 2.2-кестеде көруге болады.
2.1-кесте – Басқарушылық шешімдерді жіктеу
Функционалдық бағыты бойынша
|
Болжайтын, жоспарлайтын, ұйымдық, белсендендіретін, үйлестіретін, бақылайтын, ақпараттандыратын.
|
Ұйымдастырылуы бойынша
|
Жеке, топтық, алқалы, корпоративтік.
|
Себептер бойынша
|
Жағдайлық, ұсыныс бойынша, бұйрық бойынша, бағдарламалық, бастамалық, маусымдық.
|
2.1-кестенің соңы
Орындауды қайталауы бойынша
|
Бірдей, біртекті, әртекті және инновациялық (балама жоқ).
|
Кеңдігі бойынша
|
Жалпы және жеке.
|
Әрекет ету уақыты бойынша
|
Стратегиялық, тактикалық, оперативті.
|
Болжанатын нәтижелер бойынша
|
Белгілі нәтижемен, ықтималды немесе белгісіз нәтижемен.
|
Әзірлеу мен іске асыру сипаты бойынша
|
Салмақты, импульсивті, инертті, тәуекелді, сақ шешімдер.
|
Ақпаратты өңдеу әдістері бойынша
|
Алгоритмдік, эвристикалық.
|
Критерийлер саны бойынша
|
Біркритерийлі, көпкритерийлі
|
Ықпал бағыттары бойынша
|
Ішкі және сыртқы.
|
Ықпал тереңдігі бойынша
|
Бірдеңгейлі және көпдеңгейлі.
|
Қолданылатын ресурстар бойынша
|
Шектеумен, шектеусіз.
|
Тіркеу әдісі бойынша
|
Жазбаша, ауызша және виртуалды.
|
Масштабы бойынша
|
Бір адам үшін, бөлімше үшін, компания үшін, сала үшін, ел үшін.
|
Достарыңызбен бөлісу: |