Фабулатерминiн этимологиялық тұрғыдан түбiрлейтiн болсақ, латынның “әңгiмелеу,баяндау”деген мағына беретiн “fabulari” сөзiнен шығады да, оның өзi “әңгiме,мысал”деген мәндегi “fabula” сөзiнен өрбидi.
Фабула – мазмұндап әңгiмелеуге болатын нәрсе. Мәселен, шығармада суреттелетiн оқиғаны қысқаша айтып шығу фабулаболса, сюжетшығарманыоқу арқылығанатанылады.
“Фабула”сөзiнiң алғашқы мағынасы – “мысал”, ”ертегi”, ”хикая”, ”тарих” дегенге саяды. Бiз шығарманы алғаш оқығанда оның жалпы фабулалық желiсiн тез қабылдаймыз. Ал сол шығарманы қайтадан оқитын болсақ, шығармадағы суреттелетiн әрбiр әрекеттiң, оқиғаның, құбылыстың мәнiне тереңдеп үңiле бастаймыз, соның нәтижесiнде санамызда сюжет жайлы түсiнiк пайда болады.
“Сюжет” нақты бiр заттық мәнге ие бола алады. Яғни сюжет– авторлық мақсат та, фабула – сол мақсатқа жетудiң құралы. Егер фабуланы әңгiмелеп беруге болатын болса, сюжеттiң көркемдiк мәнiн шығармада көрiнетiн авторлық баяндау ерекшелiктерi ғана жеткiзе алады.
Сюжет пен фабуланың ара-жiгiн ажыратып қарастыру қажеттiгi түрлi себептерден келiп туындайды. Мәселен, жазушы болған оқиғаны болған күйiнде рет-ретiмен баяндамауы да ықтимал. Бұл тұрғыда фабуланы “болғаноқиға” деп, ал сюжеттi “сол оқиғаның оқырманға көркемделiп жеткен түрi”деп айтуға да болады.
Кейде жазушы пайдаланған даяр фабула сюжетке айналған кезде көркемдiк өңдеуге ұшырайды. Бiрiншiден, мұндай даяр фабулалар өмiрдегiнақты оқиғаларға негiзделген шығармаларда жиi кездесуi мүмкiн; екiншiден, бiржазушыныңжасағанфабуласыекiншi жазушының шығармасында
мүлде жаңа сападағы сюжетке ұласып жатуы да ықтимал. Бiр ғана фабула әр жазушының шеберлiгiне байланысты әр түрлi сюжеттiк сипатқа ие бола бередi. Сюжет шығарма стилiмен, көркем дүние құрылымының ортақ заңдылықтарымен тығыз байланысты. Демек, шығарманың көркемдiк маңызы фабулаға емес, оның (яғни фабуланың) шығармашылықпен игерiлген көркемдiк сипатының сюжетте тереңдетiле бейнеленуiне қатысты. Шығарма сюжетiнде өзара байланыстағы бiрнеше фабула желiсi қамтылуы да мүмкiн. Сондай-ақ, шығарма сюжетi шығармада суреттелген оқиғалармен ғана шектелмей, автордың рухани әлемiндегi түрлi өзгерiстердi, ой-сезiм ағынын да қамтып отырады. Мысал ретiнде лирикалық шегiнiстi айтуға болады.
Сюжет пен фабуланың жiгiн ажырата түсiну арқылы көркем шығармадағы оқиғаның iзiн қуалап оқып шығумен шектелмей, оның сырын, мән-маңызын тереңдей ұғынуға, авторлық ой мен сезiмге бойлау арқылы оқырманның өзi де түрлi әсердi бастан өткеруге мүмкiндiк алады. Шығарманы оқып шыққан соң, екiншi бiреуге мазмұндап жеткiзуге болатын оқиға желiсi фабула екендiгi түсiнiктi болды. Дегенмен, сюжетке қатысты әлi де нақтылай түсетiн жәйттер бар сияқты?..