Жауап шаралары мен санкциялардан бас тарту: Серіктестік алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық белгілері, бақылау рәсімдерінің болжамды бұзылуы және өзге де қиянат етулер туралы адал хабарлаған қызметкерге қатысты негізсіз санкциялар, оның ішінде жұмыстан босату, сыйлықақыны есептемеу немесе лауазымын көтеруден бас тарту қолданылмайтынын мәлімдейді.
7. Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жүйесін қалыптастырудың негізгі қағидаттары
Заңдылық: Серіктестік Қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтайды және оның кез-келген әрекеті немесе әрекетсіздігі Қолданыстағы заңнаманың нормаларына қайшы келмейді
Уақтылығы: Серіктестіктің қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді, оның ішінде корпоративтік алаяқтық жасау мүмкіндігінің белгілерін ерте анықтауға және анықталған белгілерге барынша жылдам ден қоюға бағытталған бақылау рәсімдерін енгізу арқылы Серіктестік сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін қалыптастыруға ұмтылады.
Кешенділік: Серіктестік материалдық және материалдық емес активтердің кешенді сақталуын қамтамасыз етуге ұмтылады.
Орталықтандырылған басқару: Серіктестік корпоративтік алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үрдісінде жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөлуді қамтамасыз етеді.
Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Серіктестік қызметінің жүйелілігі мен үздіксіздігі қағидаты: Серіктестік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа тартудың алдын алу жөніндегі рәсімдері барынша ашық, орындалатын және анықталған тәуекелдерге ақылға қонымды түрде жауап беретініне ұмтылады.
Өзара іс-қимыл және үйлестіру: Серіктестік барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимылын үйлестіруді, сондай-ақ корпоративтік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл үрдісінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |