ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк



бет1/24
Дата27.12.2023
өлшемі383.21 Kb.
#488165
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
дәрістер БӘ






ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ


ВА 2330 Балалар әдебиеті пәнінің
ДӘРІС ЖИНАҒЫ

ШЫМКЕНТ
2023


Дәріс №1
Кіріспе
Балалар халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің арналы бұлағы.
Дәріс жоспары:


Кіріспе
1.Балалар халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің арналы бұлағы.
2.Қазақ балалар әдебиетінің сипаты.
3.Балалар әдебиетінің қалыптасу, даму жолдарына шолу


Дәріс мазмұны:1. Балалар әдебиеті әдебиеттің өскелең бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол ХIХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Балалар әдебиеті тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды.
Кезінде балалар әдебиетінің қалыптасуына, дами түсуіне Коммунистік партия мен кеңес үкіметі тұсында да қамқорлық жасалғандығын жоққа шығаруға болмайды.
Әрине, кеңестік әдебиет кеңес шындығын типтік образдар арқылы көрсету міндеттерін үнемі алға қойып отырғаны аян. Балалар әдебиетінің мектеп өмірімен, политехникалық оқумен байланысын, тәрбиелік мәнін күшейту еш уақытта назардан тыс қалып көрмеген. Осы мәселелер КПСС-тің ХХI, ХХII, ХХIII, ХХIV съездерінің тарихи қарарларынан көрінеді.
Ресейде балаларға арналған әдебиет өз алдына дараланып ХVI-ХVII ғасырларда таныла бастаған. Орыс халқының алдыңғы қатардағы жазушылары мен әдебиет қайраткерлері бала тәрбиесіне үлкен мән бере отырып, балалар әдебиетін жасауға атсалысқан еді. Бұл орайда Жуковский мен Одоевскийдің, Белинский мен Чернышевскийдің, Добролюбовтың, Лев Толстой мен Чеховтың, Некрасов пен Мамин Сибиряктің, Горький мен Маяковскийдің есімдері ерекше аталады.
Үлкен әдебиет үлкен теорияны тудырады. Осындай алдыңғы қатардағы балалар әдебиеті теориясының негізін салған ұлы орыс халқының революционер демократтары В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов болды. Олардың балалар әдебиетіне қойған ең үлкен талаптары Отаны, халқы алдында қызмет ететін болашақ ұрпақтарды тәрбиелеу мәселесі еді.
В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов балалар әдебиетінің реалистік демократтық бағытта дамуына жол ашып берді: «Балалар кітаптарының мақсаты – балаларды белгілі бір іспен шұғылдандыру емес, оларды бұзық әдеттерден, бұзық бағыттан алдын ала сақтандыру ғана емес, сонымен қатар оларға табиғаттың берген адамгершілік рух элементтерін: сүйіспеншілік сезімін, шексіздікті сезінуін дамыту болады. Мұндай кітапшалар балалардың ес-ақылына емес, сезіміне төтеден, тікелей әсер ететіндей болуы керек. Сезім білімнен бұрын пайда болады, ақиқатты сезбеген адам – оны түсінбеген де білмеген адам. Балаларды үш әлем табиғатымен таныстырып, толып жатқан халқы бар бүкіл жер шарын олармен бірге аралап өту керек. Оларға әр алуан мінез-құлықтары, әдет-ғұрыптары, ұғымдары, нанымдары бар адамзат ұрпақтары мен қоғамдарын көрсету керек. Ал ол үшін балаларға арнап жер үстінде ұшып жүрген көбелекті де сүйіспеншілік тілмен, өмір тілімен сөйлету керек» деді В.Г.Белинский.
Ал Н.Г.Чернышевский: «Біз кейде балалардың ақыл-ойын дұрыс бағалай білмейміз... . Біз баланың зейіні нашар, ақылы өткір емес деп ойлаймыз; жоқ олай емес, баланың тек тәжірибесі ғана жоқ, ал ақылы өткір, қиялы жүйрік екеніне сеніңіз. Үлкен кісілердің кез-келгеніне ұғындыра алмайтын алгебраның қиын есептерін он екі жасар бала оқып үйренеді ғой... Ендеше, істі біліп қана қолға алу керек, балалармен тарих туралы да, адамгершілік ілім туралы да сөйлесуге болады» - деген.
Кеңестік балалар әдебиетін социалистік реализм бағытында дамытып, негізін салған М.Горький болатын. Халықтың көкейтесті ой-арманын, тілегін бейнелеген өткен замандардағы мол тәжірибелерін пайдалана отырып, балалар әдебиеті жас өспірімдер мен балдырғандардың ең таңдаулы, ең мақтаулы жаңа әдебиетіне айналды.
«Өнер алды қызыл тіл»- деп Абай айтқандай, балалар әдебиетіндегі басты мәселелердің бір түрі – тіл. Балалар жазушысы әдеби тілге шебер болумен қатар, оған өте ұқыпты қарауға тиіс. Балаларға арналған шығармалардың тілі, ең алдымен, өзінің ана тілін жетік білуге, сөздік қорын байытуға, жүйелі түрде қисынды сөйлеуге, әсіресе, ана тілін сүйе білуге баулитын көркем құрал болуға тиісті. Әрбір сөз өз орнында өз қызметін атқара тұрып, бала жанына қозғау салып, сұлу суреттерімен эстетикалық күшті әсер ететіндей болуы керек.
Балаларға арналған өлеңдер ойнақы, жинақты, тілі баланың өз ойындай мөлдір де тұнық, қызықты да қарапайым болуы шарт.
Қазан төңкерісінен кейін қазақ балар әдебиеті жөнінде де сыншылар мен зерттеушілер, ғалымдар мен ақын-жазушылар және мұғалімдердің ықыласы ерекше болды. Балалар әдебиетінің ерекшеліктері жайында әр кезде әр алуан пікірлер айтылды. Бұл ретте С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің, М.Әуезовтің, С.Ерубаевтың, С.Мұқановтардың еңбектерін атап өтуге болады.
С.Сейфуллин өзінің «Жұмбақ айтысу», «Жаңылтпаш», «Балалар ойыны», «Жастық ойын, күлкі тақпақтары» деген еңбектерінде бастан аяқ балалар ауыз әдебиетіне тән мұраларға ғылыми талдаулар жасаған. «Жұмбақ айтысу – хат жазу білмеген көшпелі елдің жастарының, балаларының жас басынан өз әлінше зейіндерін тапқыштыққа үйретіп беретін, тәрбиелейтін, тілін шеберлейтін, сөзді үйлестіріп, ұйқастырып айтуға жаттықтыратын сабақ тәрізді болған» дейді ол.
Қазақ халқының әдебиеті ешбір халықтың әдебиетінен өзінің бай мазмұнымен, жанрлық әркелкілігімен, поэтикалық қуатымен салыстырғанда кем емес екені белгілі. Қазақ балалар әдебиеті өзі жеке пән ретінде дамуының баспалдағы да оңай болған жоқ. Бірқатар ғалымдарымыз бен әдебиет зерттеушілеріміз қазақта А. Гайдар сияқты балалар әдебиетінің ұлы тұлғалы дербес өкілдері болмаған соң балалар әдебиеті жоқ деп те келді. Қазақ балалар әдебиетін тек Ыбырай Алтынсариннен бастау қажет деген пікірлердің болғаны да анық. Ол жалпы әдебиеттік мұрадан дараланып бөлінбеген, сонымен бірге жасасып келе жатқан жалпы мұра деп айтушылар да табылған. Мұның бәрі де балалар әдебиетінің жалпы структурасына жете түсінбегендіктен жеңіл-желпі айтыла салған пікірлер еді. Керісінше қазақ балалар әдебиетінің де өсу, өркендеу, даму жолдарының болғандығы күмәнсіз.
Ұлы жазушымыз, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезов өзінің «Ертегілер» деген ғылыми зерттеу еңбегінде халықтық шығармалар ішінде үлкендермен қатар балаларға тән, екеуіне бірдей қызмет ететін неше алуан қызықты материалдардың барлығын айтып, талдаулар берген. «Хайуанат жайындағы ертегілердің көбі балаларға арналған күлкі, жеңіл әңгіме болып та кетеді. Олар «Құйыршық», «Қотыр торғай», «Мақта қыз бен мысық», «Шудалы торғай», «Күшік пен мысық» сияқты көптеген ертегілер. Құйыршық ғажайып түрде ешкінің құйыршығынан біткен кішкентай бала болады. Ол ақыры, жолаушыларды, үй иесін - бәрін алдап соғады. Ажалдан қалып, әке-шешесіне келеді. Бұл алуандас ертегілер орыста да бар»- дейді. Халықтық шығармалар ішінде балалар әдебиеті мұрасына тән қызықты осындай әңгімелер тек ертегілерде ғана емес, сонымен қатар халық өлеңдерінде де, мақалдар мен мәтелдерден де, батырлар жырларынан да кеп кездеседі.
Балалар әдебиетінің негізі - ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетіне зерттеу жасағанда халықтың ауыз әдебиетін аттап өтуге болмайды. Өйткені, халықтың ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің алтын қоры.
2. Педагогикалық, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда «бала» деп атап жүрген жас жеткіншектердің өз араларында үлкен өзгешеліктер бар. Мысалы, бес жастағы бала мен он жастағы баланың мінезі, ұғымы, дүниеге көзқарасы бірдей еместігі мәлім. Осыған орай балалар әдебиеті өз ішінде бірнеше салаға жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет