С. Мұратбеков повестерінің тақырыптық ерекшеліктері
Өзім екі ақ повесін оқығам(Жабайы алса мен Жусан иісі, басқаларының мазмұнын білмеймін, бірақ екеуі соғыс кезіндегі ауылдағы қарапайым тіршілік, тылдағы еңбек туралы айтылады) Жалпы шығармашылығы деп тоқтала берерсіңдер.
Повестері: Жабайы Алма, Жусан иісі, Кәмен Тоғай, Көкорай, Өліара, Дос іздеп жүрмін т.б.
Әңгімелері: Басында Үшқараның, Ұлтуған, Ананың арманы, Жеңгетай,Үскірік, Отау үй, Менің қарындасым, Ескек жел, Қылау т.б.
Сайын Мұратбеков Қазақ әдебиетіне өткен гасырдың 60-шы жылдары келген Сайын Мұратбеков шығармашылығы адам-қоғам-таным үштігін паш етуге күш салады.
Соғыстан кейінгі елдің басындағы хал-ахуалды суреттейтін «Жабайы алма» шығармасы жазушының толық шығармалар жинағының екінші томына енгізілген. «Жусан иісі» атты повесінде екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы балалардың бастан кешкен оқиғасы, көрген ауыртпашылықтары, қазақ ауылының ауыр жағдайы, халықтың басына түскен қайғы- қасірет суреттеледі. Әңгімедегі басты кейіпкер - Аян. Оған ақылдылық, ұқыптылық, мақсаткерлік тән.
Сайын Мұратбеков жинағына жиырмадан астам таңдамалы әңгімелері енген. Басты тақырыбы мен көтерген өзекті мәселесi - ауыл өмірі мен әлеуметтік жағдайдың өзара байланысын суреттеу арқылы кейіпкердің азаматтық табиғи болмысын , адамгершілік позициясын , рухани тазалығын, жан сұлулығын, нәзік құбылыстарын, сан қырлы қайшылықтарын, психологиялық этюдтермен өрнектеу.
Қаламгер әңгімелерінің ерекше бір қасиеті - қарапайымдылығы, халықтығы болса, сондағы оқиғалардың өмірлік шындықтан алынып жазылғандығы.
«Күсен-Күсеке» әңгімесінде:
Күсен өз ақшасын қайда жұмсау немесе қалай сары майдай сақтау керектігін ешкімнен кем білмейді. Алайда, Күсен үшін ақшадан да асқақтап жоғары тұрған, тіпті есепсіз ақшаға да сатып алуға болмайтын асыл нәрселер бар. Күсен үшін адамға қолыңнан келгенше жақсылық жасаудан, оны қуантып, көңілін табудан, адамға адамның шын көңілімен қол ұшын беріп, риясыз көмектесуінен, онымен сыйласып, сырласудан артық еш нәрсе жоқ. Сондықтан да Күсен сияқты адамды қуантудан рақат алатын және одан асқан ештеңе жоқ деп білетін қарапайым кісінің қолында адал еңбегінің мол ақшасынан басқа беретін несі бар?! Күсен жақыны мен жамағайынына ақшасын үлестіруші емес, шынайы көңілін үлестіруші.
Достарыңызбен бөлісу: |