Процестің ұзақтығы шикізаттың қасиетіне байланысты болады: құрылымы мен өткізгіштігі, сонымен қатар қалыңдығы.
Өткізгіштігі тері түріне , жекелеген қабаттардың тығыздығына, құрамындағы май мөлшеріне, теріні шешкеннен кейінгі коллагенді талшықтардың күйінің өзгерісіне, тері бетінің ластану дәрежесіне, тұздау алдындағы алдын – ала өңдеудің сипатына, температураға және басқа да факторларға байланысты өзгереді. Қой терісінің құрылымы бостау болып келеді, сондықтан консервілеу процесі ұзақ болмайды. Тері құрамындағы май мөлшерінің көп болуы, әсіресе шошқа терісінің, ұзағырақ тұздауды қажеттілігін тудырады.
Терінің қабаттары (эпидермис, дерма, тері асты клетчаткасы) өткізгіштігі бойынша ерекшеленеді. Эпидермистің өткізгіштігі бірталай төмен, сонықтан да тері бір жақты өткізгіштікке ие десе де болады.
Терінің қалыңдығын кішкене ғана азайтқанның өзінде тұздау ұзақтығының біршама қысқаруына алып келеді. Сол себепті тері асты клетчатканы жою (терінің мездра қабатын алу) консервілеудің жылдамдауына жәрдемдеседі.
Терілерді жайылған күйінше ас тұзымен консервілеу. Стеллаждарға 20 – 50 мм қалыңдықта тұз сеуіп, терілерді мездра жағын жоғары қаратып жайып тастайды да үстіне тағы бір қатар тұз себеді. Үсті – үстіне қаттағанда биіктігі 1,5 – 2 м болатын штабельдер құралады. Тұздауға кеткен тұз шығыны шикізат массасына шаққанда 30 – 50 % құрайды. Тұздау ірі қара малдың булы тері массасына шаққанда 13 % және шошқа малының терісінің массасына шаққанда 10 % құрайды. Мұндай әдіспен терінің барлық түрлерін консервілеуге болады. Ірі қара мал және шошқа малы үшін тұздау процесінің ұзақтығы 6 – 7 тәулік, қой терісі үшін – 4 күннен кем емес, қоян терілері үшін – 2 тәулік. Тұздау температурасы 18 – 20 С .
Терілерді ұзақ мерзімге консервілеу үшін екі түрлі консервілеуші құрамды заттар жасалған: антисептиктерді қолдана отырып ас тұзының негізінде жасалған немесе құрамында астұзы болмайтын не өте аз мөлшерде болатын қоспалар.
Антисептиктерді қолдана отырып астұзы негізінде дайын,далған қоспалар оның консервілегіш әсерін жақсартады. Антисептиктер ретінде натрий кремнефториді, парадихлорбензол және нафталин пайдаланылады, бұо заттарды ас тұзына немесе тузлукқа 1 т былғары және тон – жүнді шикізатына 2,4 – 10 кг қосады деген есеппен енгізеді.