1 Аудармашылық трансформацияларды меңгерудің теоретикалық негіздері



бет2/16
Дата19.02.2022
өлшемі99.77 Kb.
#455533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Мақаш Айнұр

Зерттеу материалына танымал жазушы Оскар Уайльдтың «Дориан Грейдің портреті» романының түпнұсқасы мен Гүлнар Түсіпованың жасаған аудармалары алынды.
Жұмыстың құрылымы мынадай: кіріспе, Ӏ және ӀӀ бөлімдер, қорытынды бөлімдер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша. Ӏ бөлімде аудармашылық трансформациялар теориясының қағидаларымен таныстық. ӀӀ бөлімде трансформациялардың түрлерін, оның ішінде синтаксистік трансформацияларды, олардың маңызын, пайда болу себептерін және жіктемелерін қарастырдық.

1 Аудармашылық трансформацияларды меңгерудің теоретикалық негіздері


1.1.Аударма үдерісі жөніндегі жалпы мәлімет
Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі қажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсканың ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талантар толық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем аударманың қасиетін арттырып, түп- нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі 19 ғ-дан басталады. Абай неміс ақыны Гетенің, орыс ақындары Ю.Лермонтовтың, А.Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен аударды, Ы.Алтынсарин орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің, Шәкерім Құдайбердіұлы Л.Толстойдың ("Асархадон патша", "Үш сауал"), А.С. Пушкиннің ("Дубровский", "Боран"), Тұрагұл Абайұлы М.Горькийдің ("Челкаш"), АС. Неверовтың ("Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін"), Б.Прустың ("Антек") шығармаларын аударып, көркем аударманың дамуына ықпал етті. 20 ғ-да аударма ерекше серпінмен дамып, А.Байтұрсынұлы (И.Крылов мысалдары), М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтер көркем аударманың арнасын кеңейтті. Х.Өзденбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Жарылғапов, Ә.Жұмабаев, Г.Бельгер, Н.Шәкеев, Ж.Ысмағұлов, С.Ақтаев, т.б. қаламгерлер көркем аударма саласын жаңа санаға көтеріп, соны ізденістерге барды. Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем аударма тарихы мен теориясын зерттеу ісі жолға қойылған. Филолог ғылым докторы Н.Сағындықованың "Көркем аударманың негіздері" (1995) аталатын монография жарық көрді. 2002 жылдан бастап "Аударма" баспасы әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың озық үлгілерін қазақ тілінде шығарып келеді. (қ. "Аударма").
Аударма теориясының обьектісі – аударма, ал міндеті – аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне көтеру. Ал, аудармашылар болса, осы теория негізінде, практика барысында кездесетін әр түрлі нақтылы мәселелерді жан-жақты дұрыс шешуі қажет. Аударма теориясы үздіксіз кемелденіп отырады.Түп-төркіні аударма практикасынан келіп шыққан аударма теориясы процесіне жетекшілік ету барысында тағы да үздіксіз жетіліп, толықтанып, дамып отырады. Бүгінге дейінгі аударма теориясының жетіп отырған деңгейінің дәуірлік шектемелігі бар деуіміз де сондықтан, Аударма дегеніміз екі тілге қатысты әрекет болғандықтан аударма теориясын зерттеу жұмысы да сол тілдердің тұлғасына тығыз байланысты болады. Екі тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерін қатар қарастырады. Сол себепті де, аударма теориясының міндеттерін мынадай түіндерге жинақтап көрсетуге болады:
1) Тіл ғылымын негізге ала отырып, түпнұсқаны лексика, грамматика, стилистика, логика жақтарынан салыстыра зерттеп, екі тілдегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін тауып шығып, оларды терең зерттеп, аудару тәсілін жан-жақты қарастыру;
2) Осындай салыстыру принципі негізінде аударма практикасында кезіккен алуан түрлі мәселелерге жан-жақтылы талдау жүргіщзіп, дұрыс қорытынды шығарып, оларды бейнелеу тәсілін қарастыруды негіз езу;
3) теорияның практикаға жетекшілік ету рөлін нұрландырып, аударма нұсқасында әділ баға беріп, аударма сапасын үздіксіз жоғарылату.
Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру процесі. «Аударма» сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін – ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге, аударма – сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады.
Аудару принципі мен аударманың дәлме-дәлдігі туралы ұғым заманалар озған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, орта ғасырларда әріпшілдік, сіреспе аударма басым болса, бертін келе, жаңғыру дәуірінде, XVII-XVIII ғасырларда «еркін» аударма етек алды. Одан соң әдебиет әлемінде балама аударма пайда болды.
Алдымен, шетелдік аудармашы, ғалымдардың аударманы қандай түрлерге бөліп, жіктегеніне аз-кем тоқталып өтейік.
1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж.Драйден (1631-1700) аударманың 3 түрін ұсынады:
- Біріншіден, «метафраз» – түпнұсқаның дәл жеткізілуі,
- екіншіден, «парафраз» – түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып, еркін жеткізілуі,
- үшіншіден, «имитация» (еліктеу) – түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма.
ХХ ғасырдың екінші жартысында ағылшын аударматануының теориялық жағын дамытуға өз үлесін қосқан Т.Сэвори «Аударма өнері» кітабында (Лондон, 1952) аударманың мынадай 4 түрін көрсетеді:
- Кемел құнды аударма – таза ақпаратты фраза хабарландырулардың аудармасы.
- Барабар аударма – мазмұны ғана маңызды, баяндалуы аса маңызды емес сюжетті шығармалардың аудармасы. Аударманың бұл түрінде аудармашы мағынасы түсініксіз сөзді немесе тұтас сөйлемдерді түсіріп тастайды да, түпнұсқаны басқаша баяндайды.
- Аударманың үшінші түрінің аты жоқ. Бұл классикалық шығармалардың аудармасы. Онда форманың да, мазмұнның да сақталуы маңызды.
- Аударманың төртінші типі «барабарға» (2-ші типке) жақын. Бұл ғылыми-техникалық материалдардың аудармасы. Олардың пайда болуы тәжірибелік қажеттіліктерден туады. Тәржіменің бұл түрі аудармашыдан түпнұсқада сөз болып отырған жайт туралы көп білуді қажет етеді.
Ағылшын аударматануындағы «Аударманың лингвистикалық теориясы» еңбегінің (1965) авторы Дж.Кэтфорд аударманы мынадай түрге ажыратады:
- толық және ішінара аударма: Толық аудармада түпнұсқадағы бүкіл мәтін аударылады, ал ішінара аудармада түпнұсқа мәтінінің бір бөлігі беріледі. 
- жаппай және шектеулі аударма: Жаппай аудармада түпнұсқа барлық тіл деңгейлерінде аударылған кезде, қарапайым аудармаға ат беру ұсынылса, ал шектеулі аударма дегеніміз қандай да бір деңгейдегі фонологиялық, графологиялық, грамматикалық және лексикалық деңгейдегі аударма дегенді білдіреді.
Американдық лингвист Дж.Касагранде өзінің «Аударманың мақсаттары» (1954) атты мақаласында аударманы 4 түрге бөледі:
- Прагматикалық аударма. Мұнда хабарламаны барынша дәл жеткізу көзделеді.
- Эстетикалық-поэтикалық аударма. Әдеби немесе эстетикалық тұрпатты жеткізеді.
- Этнографиялық аударма – түпнұсқаның мәдени контексін түсіндіреді.
- Лингвистикалық аударма. Бұл жерде түпнұсқа морфемаларының мағыналары көрсетіледі.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында американдық ғалым С.Басснетт-Макгайр «Аудармашылық зерттеулер» атты кітабында аударманың үш түрін көрсетеді:
- ойды басқа тілдік белгілер арқылы жеткізу (бір тілдің ішінде);
- аударманың өзі (бір тілден басқа тілге);
- трансмутация (бір семиотикалық жүйеден екіншісіне қайта құру).
Неміс ғалымы Отто Каде әрқайсысы белгілі бір талаптарға сәйкес келетін әртүрлі категориядағы аударма түрлерін ұсынды:
- «Өңделмеген». Бұл жерде аударма тілінің нормаларынан ауытқуға болады.
- «Жұмыс». Аударма тілінің нормаларын толық сақтайды. Бірақ ақпараттардың орнын толтыру үшін түсіндірулерді қолдану мүмкін.
- «Басылымға дайын». Түпнұсқаның барлық мазмұнын береді және қабылдаушыға қажетті әсер ете алады.
Израильдік ғалым Гидеон Тури «Аударма теориясын іздеу» (1980) кітабында аудармашылық қатынастардың негізгі 4 түрі барын айтады: формалды қатынастың 2 түрі (этикалық): 1) бастапқы тіл мен аударма тілінің арасындағы (тілдік түр), 2) бастапқы мәтін мен аударма мәтінінің мәтіндік құралдары (мәтіндік түр); сондай-ақ, функционалды қатынастың 2 түрі (эмикалық): 1) бастапқы тіл мен аударма тілінің тілдік құралдарының функциялары арасындағы (тілдік түр), 2) бастапқы мәтін мен аударма мәтін функциялары арасындағы (мәтіндік түр) .
Аударма теориясының көрнекті маманы Л.С. Бархударов мәтінде аударма тілдің қай деңгейінде жүзеге асады деген сұраққа төмендегі пікірімен жауап берген:
1) фонема (графема) деңгейіндегі аударма;
2) морфема деңгейіндегі аударма;
3) сөз деңгейіндегі аударма;
4) сөз тіркесі деңгейіндегі аударма;
5) сөйлем деңгейіндегі аударма;
6) мәтін деңгейіндегі аударма .
Бұл пікірге былайша кеңірек түсінік береміз: фонема деңгейіндегі аудармаға аударатын тілдегі бірліктерді аударылатын тілдің фонетикалық заңдылықтарына сай икемдеу болса, аударатын тілдегі бірліктерге аударылатын тілдің морфологиялық қосымшаларын жалғау; ал қалған деңгейлердегі аударма түрлері аударма процесімен айналыспайтындарға да түсінікті деп ойлаймыз.
Сонымен қатар, Л.С.Бархударов құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт түрге бөліп көрсетеді:
1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы;
2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе ілеспе аударма);
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы;
4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы .
В.Н. Комиссаров «Слово о переводе» еңбегінде аударманы жанрлық-стилистикалық түрлеріне қарай былай бөледі:
1)көркем аударма;
2)ақпараттық аударма;
3)ғылыми аударма;
4)ресми аударма;
5)публицистикалық аударма;
6) жарнамалық аударма .
М.О. Әуезов 1955 жылы жазылған «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. Бірінші – сөзбе-сөздік – әріпқойлыққа негізделген аударма. Екінші – еркін аударма, аудармашының өзіншелеп әңгімелеп отырғанына өте ұқсас келеді. Соңғысы аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрі – шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін ғылыми дәл, балама аударма.
Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады:
1) Ауызша аударма - бұл тәржіманың жазбаша түріне қарағанда күрделірек құбылыс; ақпараттың мазмұн межесін (план содержания) және құрылым межесін (план выражения) жазбай, ауызша жеткізу түрі. Сөйлеген сөздер, баяндамалар ілеспе түрде ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдер мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі.
Ауызша аударманың екі түрі бар:
- ілеспе (синхронды) аударма;
- ізбе-із аударма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет