Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


Иудейлікте сенім, құлшылық, діни салттар мен мейрамдар



бет41/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   126
Діндер тарихы

5. Иудейлікте сенім, құлшылық, діни салттар мен мейрамдар

а. Сенім


Иудаизмде барлық яхудилер бойынша қабыл етілген нәрсе догма иман негіздері жоқ. Құранда болғаны сияқты Тауратта және басқа яхуди киелі кітаптарында не нәрселерге сенілуі керектігіне жүйелі түрде мәлімет берілмеген. Тауратта (Шығу 20. Бабы мен Тәсния 6 бабта) кездесетін он бұйрықта (Asarat ha-dıvarim) тек Аллаһқа сенім мәселесіне тоқталған. Пайғамбарларға, кітаптарға, қаза мен тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан болатындығына, тіпті ақырет өміріне сенуге қатысты нақтылық Тауратта жоқ.
Иудаизмде Аллаһ бір, жаратылмаған, басы-соңы жоқ, Ұлы, әрбір нәрсені білуші, барлық жаратылыстардың Раббысы. Әлемдердің Жаратушысы және Иесі Ол. Яхудилер Тәңірдің ең жақсы көретін халқы. Тәңір оларды таңдап, олармен Синай тауында уәделескен. Бұл ант Хз. Мұса арқылы Исрайыл ұлдарымен болған. Бар екендігіне, бір екендігіне сенілген Аллаһ көрінбейді, суреті мен мүсіні жасалмайды. Мұнымен қатар Онда шаршау, күресу, демалу секілді адами қасиеттер болады. Оның ең сүйікті халқы иудейлер болғандықтан, Ол олардың халықтық Тәңірі. Тәңірдің бірлігі Тауратта былай баяндалады: «Тыңда Ей Исрайыл, Тәңіріңіз Раб бір Тәңір» (113).
Барлық адамзатты жарыққа шығару, ескерту, бақытты қылу үшін Тәңір Исрайыл ұлдарын таңдаған. Барлық яхуди пайғамбарлары сол себептен келген және сол себепті таңдалған. Тәңір адамзатты жарыққа шығару үшін пайғамбарлар жіберген. Яхуди киелі кітабы Танахтың бір бөлімі Невиим (пайғамбарлар) деп аталады. Нәби иврит тілінде өзіне міндет берілген, шақырылған деген мағыналарға келеді. Иудаизмде ең маңызды жер Хз. Мұса (а.с.)-ға қатысты. Өйткені Тора (Таурат) соған берілген. Хз. Мұсадан кейінгі пайғамбарлар екі топқа (алдыңғы пайғамбарлар, кейінгі пайғамбарлар) бөлініп соңғысы Малаки пайғамбар. Илия- Мәсіх күтіледі.
Тәңір әрдайым әлемді билейді. Егер билігін тоқтатқан жағдайда, әлемнің соңы келді дегенді білдіреді. Тәңірдің құдіреті шексіз. Оның құдіретінен тыс ешнәрсе жоқ. Ол барлық жаратылғандардың Иесі. Әлемде Оның қалауынсыз ешнәрсе болмайды. Тәңір бір күні біреуді міндеттеп жібереді. Ол әділетсіздікті, зұлымдықты жойып әлемдік мемлекет құрады. Бұл «Тәңір Патшалығы» тұрақты болады. Бұл Патшалық аспанда емес жер бетінде болады. Тәңірдің қалауымен, адамдардың еңбегімен құрылады. Бұл сенім яхудилердің үміт қайнары. «Тәңірдің мемлекетін» Мәсіх орнатады.
Иудаизмде ақырет сенімі тарихи дамумен байланысты. Яхуди киелі кітабында, Даниел кітабына дейін, ақырет сенімі жайында нақты мәліметтер кездеспейді. Ишаяға «Сенің өлгендерің тіріледі, менікілердің денелері қалады. Ей топырақтың астында жатқандар, ояныңдар да ән айтыңдар... және әрбір жер өлілерін сыртқа шығарады» (Ишая 26:19) түрінде қайтадан тірілу сеніміне дәлел саналатын ишараттар бар. Даниел кітабында мәңгілік өмірге қатысты мына нәрселер бар: «Және жердің астындағылардың (мазардағылардың) көбісі, бұлар мәңгілік өмірге, ал мыналар мәңгілік азап үшін оянады. Ұғымталдар аспанның мұнарасының жарқылындай, біршама адамды жақсылыққа қайтарғандар да жұлдыздардай мәңгілік және әрдайым жарқырайды» (Даниел 12:2-3).
Ежелгі Мысыр дінінде болғаны секілді ежелгі яхуди дінінде де қайтадан тірілу сеніміне дәлел саналатын мәтіндердің қазірге дейін жетпеуі, ежелгі иудаизмде ақырет сенімінің болмағандығы, яхудилердің кейіннен бұл сенімді (қайтадан тірілу, есеп, жәннәт-жәһәннәм) Ираннан алғандығы алға тартылады. Ежелгі иудаизмде жақсы, жаман болсын барлық адамдар өлгеннен кейін «Шеол» атты жерге барып сол жерде қайғы-қасіретпен өмір сүретіндіктері, рухтардың мазарда қалатындығы жайлы сенім бар. Мұның жалпы тағдыр екендігі, өлімнен кейін бір есептің болмайтындығы қабыл етіледі. Өлімнен кейін өмір жартылай мазарда, жартылай Яхве (Тәңір) немесе адамдармен қатысы болмай, өлілердің бір көлеңкесі іспеттес тіршілік ететіндігіне сенілген өлілер әлеміне, яғни Шеолге өтеді.
Танахқа қайшы Талмұтта ақырет жайында нақты мәліметтер бар. Бірақ бұл мәліметтер кей уақыттарда бір-біріне қайшы келеді. Самуел бұл дүние мен ақыреттің бір екендігін алға тартады (Қараңыз Бераһим 68 б). Берекотда болса ақыреттің бұл дүниеге ұқсамайтындығын айтады. Өйткені ол жерде ішіп-жеу, көбею, еңбек ету, дұшпандық, көре алмаушылық, бәсеке сияқты дүниелік нәрселер болмайды. Салих құлдар бастарында тәждері, тәңірлік ләззәтты татады (Қараңыз Берекот 17 б). Рош Ха-Шана денесімен күнә істеген яхудилер яхуди болмағандар сияқты жәһәннамға барып, сол жерде он екі ай ішінде жазаларын тартады (Р Ха-Шана 17 а).
Яхудилер парсы және грек мәдениетімен байланысқан соң теологиялық тартыстар басталды. Бұл тартыстар Аллаһ, сипаттары, Исрайыл ұлдарының таңдалғандығы, Мәсіх және өлімнен кейінгі өмір шеңберінде болып отырды. Бұлардың ең маңыздысы өлімнен кейінгі өмірге қатысты. Бұл жайындағы талас-тартыстар алғашқы яхуди ағымдарының парсылық пен садукилер арасында болды. Садукилер Таураттан басқасын діни деп қабылдамағандықтан, Тауратта ақыретке қатысты ешқандай дәлел болмағандықтан ақыретті жоққа шығарады. Парсылар болса, Таураттан басқа ауызша салт-дәстүрдің де Хз. Мұсаға Синада берілгендігі, діни қайнар көзі ретінде қабыл етілуі керек екендігін, өлімнен кейінгі өмір бар екендігіне сенудің қажет екендігін қабыл етеді. Парсылардың көзқарасы бойынша өлімнен кейінгі қайта тірілуді жоққа шығарғандардың ақыретте орны жоқ (Қараңыз Талмұт бабы, Санхедрин 90 а). Олар ауыз әдебиеті аясында, өлімнен кейінгі өмірдің бар екендігіне қатысты дәлелдерді Таураттан шығарады (Қараңыз Санхедрин 90 а).
Жоғарыда берілген мәтіндерден түсінгеніміздей, иудаизмде ақырет сенімі жайында ілгерілеу болған, қайтадан тірілу, мәңгілік өмір, есеп беру сенімдері ортаға шыққан. Осылайша жақсы адамдар есеп беріп ақталғанда Аден (Eden) деген жәннәтқа кіреді (Aden – Вавилон тілінде бақша мағынасына келетін «әдину» немесе «адену» сөзінен шыққан). Жамандар болса жәһәннәмға кіріп жазаларын тартады. Жәһәннәм сөзі ивритше «Ge bne Hinnom» (Хинном ұлдарының қойнауы) сөзінен шығып, алдымен «gehenna» кейін қазіргі халіне келген. Иудаизмде жәннәт-жәһәннәм, есеп күніне қатысты бұйрықтар Талмұтта түсіндіріледі. Талмұтта келгеніне қарасақ жаман адамдардың өте азынан басқалары, басқа күнәһарлар он екі айлық жазадан кейін жәннәтқа кіреді.
ХІІ ғасырға дейін белгілі сенім жүйесіне ие болмаған еврейлер Тауратты тәпсірлеген дін ғұламаларының себепкерлігімен, Ислам және христиандықтағы сияқты иман негіздері жинақталды. Иудаизмде иман негіздерінің белгіленуіне алғаш болып яхуди философ македониялық Пхило (б.э.д. – 20, б.э. – 50) мұрындық болды. Оның төрт тараудан тұратын иман негіздері таухидқе қатысты. Пхилодан кейін екінші есім Ирактағы Сура Талмұт академиясында жауапты болған Рабби Саадия Гаон (немесе Ислам әлеміндегі аты Саид Әл-Файууми). Гаоның сегіз тараулық иман негіздері Исламның негіздеріне жақын. Аллаһтың бірлігі, әлемнің жаратылуы, уахи, жаза және сый, қайтадан тірілу және Мәсіх Гаоның иман негіздерін құрайды. Бұл ғұламалардан Рабби Моше Бен Маймон (Муса б. Маймун; Maimonides: 1135-1204) яхудилер үшін мына 13 негізді бір араға жинақтаған және бұл негіздерді ұстанған сенім жүйесі таңдалып, күнімізге дейін келген.
Толық бір иманмен сенемін:
1. Тәңір бар болған барлық нәрсені жаратты, олар Оның Иелігінде.
2. Тәңір бір және Одан басқа Тәңір жоқ.
3. Тәңірдің дене-бітімі жоқ және ол ешқандай бейнеленбейді.
4. Тәңірдің бастауы да соңы да жоқ.
5. Ғибадат тек қана Тәңірге тән. Одан басқа құлшылыққа етуге лайық ешкім жоқ.
6. Пайғамбарлардың барлық сөздері рас.
7. Мырзамыз Мұса барлық пайғамбарлардан ең жоғары.
8. Қолымыздағы Таурат, Аллаһ тарапынан (Хз) Мұсаға берілгенмен бірдей және өзгертілмеген.
9. Дініміз иләһи дін және өзгертілмейді.
10. Тәңір адамдардың барлық әрекет пен ойларын біледі.
11. Тәңір бұйрықтарын орындағандарға сый береді, орындамағандарды жазалайды.
12. Тәңір, Мәсіхті (Maşiah) жібереді және кешіккен жағдайда да күтемін.
13. Рухым өлімсіз және Тәңір қалаған уақытта өлгендерді кездестіреді.
Мұса б. Маймун бойынша бұл иман негіздерінің біреуін қабылдамаған адам кәпір болумен қатар иудей жамағатынан шығып кетеді.
Моше б. Маймунның иман негіздері бүгін Сефар Ашкеназ ортадоксальды яхудилері тарапынан қабыл етіледі. Бұл он үш тараулық иман негіздері әрі Сефарад, әрі Аскеназ яхудилердің дұға «Сиддур»ларда кездеседі және күн сайын таңертең құлшылық уақыты «Şharit» те айтылады.
Реформист яхудилер, ортадоксальдықтар қабыл еткен Моше б. Маймунның иман негіздерін қабыл етпейді. Олар Мәсіхқа, өлмейтіндігіне, қайтадан тірілуге, жаза мен сыйға сенбейді. Олар бойынша Яхудилік тек қана дүниемен қатысты. Сондықтан да Садукилер секілді ақыреттің бар екендігін қабыл етпейді. Сонымен қоса Таураттың иләһи кітап екендігіне (Tora min ha-Şamayim) сенбейді.
Реформист Иудаизмнен бөлініп бір ағым болған консервативтік иудейлер, сенім тұрғысынан біршама мәселеде дәстүрлі ортадоксаль иудейлерге жақын. Бірақ ақырет пен Таураттың иләһи екендігіне келгенде басқа көзқарасты ұстанады. Бұлардың бір бөлігі реформист, енді бір бөлігі ортадоксальдықтар жағында. Жаңадан пайда болған «Қайта құрушы иудаизм» сеніміне қатысты кейбір мәселелерде реформистердің көзқарасын қабыл етеді.
Мәсіх сенімі иудаизм үшін өте маңызды. Мәсіх ерте ме кеш пе әйтеуір бір келіп құтқарып, дүниеде бейбітшілікті қамтамасыз етеді. Осылайша Тәңірдің патшалығы құрылып, еврейлердің билігі орнайды. Мәсіх ивритше майланған мағынасына келетін «машиах» сөзінен шыққан (Исрайыл патшаларынан Саул мен Дәуіт майланып іске бастаған). Иудейлер өздерін құтқаруға Дәуіт нәсілінен Аллаһ тарапынан жіберілетінді білдіру үшін осы терминді қолданған. Бұл иудейлердің келешекке қатысты үміттерінің бастауы (Апокалиптик әдебиеттер осы тақырыпта). Мәсіх сенімінің дәлелі яхуди киелі кітаптарындағы кейбір белгілер. Бұл белгілердің басым бөлігі Даниел және Ишая кітаптарында. Яхудилер бойынша «Яхве» Мәсіхті жіберіп иудейлерді құтқарып, дұшпандарын жазалайды. Вавилон сүргінінен кейін басталған бұл үміт, уақыт өте келе есепсіз Мәсіхтердің шығуына жол ашқан. Бұл Мәсіхтер яхудилердің киелі кітаптарына бет бұруына ықпал жасағаннан басқа, айтарлықтай ешнәрсе жоқ. Бірақ ХVІІ ғасырда Измир яхудилері арасынан шыққан «Сабатай Севи әрекеті» бұлардың ең көп назарын аудартқан. Оның ізбасарлары қазірге дейін бар. Бұл әрекет Османлы билігінің шекараларында ортаға шыққан, сонымен қоса барлық иудейлердің назарын өзіне аударды. Падиша ІV Меһмет Сабатай Севиеден Мәсіх екендігін дәлелдейтін бір мұғжиза көрсетуін талап еткенде ол аман қалу үшін мұсылмандықты қабылдап, бірақ алдыңғы сенімімен өмір сүрген. Ол өмірден өткеннен кейін оның ізбасарлары да осылай жасаған. Олар сырттай мұсылман түрік ретінде көрініп, шынайы келбеті иудаизмге, яғни Сабатай Севиенің белгілеген ережелерін ұстанады. Түріктерге түрік және мұсылман екендіктерін, яхудилерге яхуди екендіктерін айтады. Екеуін де ұстанады. Бірі мұсылман-түрік, енді бірі яхуди есімі. Осы себепті олар «дөнме» деп аталып және қазіргі күнге дейін осы атпен белгілі (114).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет