Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет77/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   143
Кітап Тәрбие

6. Ұстаздың сөз мәдениетi, тiлi, ұлттық тiлдi терең бiлуi, дауыс ырғағы, бетқимылы, бәрi ұлағатты ұстаздық бейнеге сәйкес болуға тиiс. Ұстаздың сөзi «қысқа да, нұсқа», айқын да, айшықты болу керек. Әсiресе сөз қисыны (логика) жағынан аз да болса, жiберген «кемшiлiк», «ұстаз бәрiн бiледi» деген шәкiрт ойына нұқсан келтiредi де, ол өз беделiн жойып алады.
Ұстаз ұлттық тiлiн, мемлекеттiк тiлдi жан-жақты жақсы бiлмесе, ол – нағыз ұстаз емес. Тiлдi бiлу бар да, сөзбен ойды жеткiзу бар. Сөз – ойдың көрiнiсi. Ал бiр сөздiң өзi дауыс ырғағына байланысты ондаған ұғымды беруi мүмкiн (мысалы: Келшi? Келшi! Келшi... Келшi?! т.б.). Сондықтан сабақ үстiндегi ұстаздың дауыс ырғағы сөз мәнiн түрлендiрiп, тыңдаушының ұғымын арттырады. Өте бәсең сөйлеу, өте қатты дауыс көтеру тиiмсiз. Тыңдаушының ықыласына, аудиторияға, жалпы жағдайларға байланысты дауыс ырғағын жүйелi түрде құбылтып отыру (актерлық шеберлiк) оқытушының беделiн арттыра түседi, оқушылардың ықыласын, ынта-жiгерiн, қызығуын арттырады.
Сабақ берiп тұрған ұстаздың бетқимылы биязы, iлтифатты, иман жүздi, мейiрманды бейнеде болуға тиiс. «Қанша қасiреттi көрсең де, шәкiрттерiңе қабақ шытпа», - деп А.С.Макаренко дұрыс айтқан. Бұл жерде, шыдамдылық пен төзiмдiлiк қажет болады. Ұстаздың бет бейнесi жадырап шығып, жылы шуағын шашқан күн iспеттес болу керек.
7. Тәлiмгер ұстаздың тұлғалық бейнесi оның сабырлылығынан, салуаттылығынан, әдептiлiгiнен де айқын көрiнедi. Сабырлылық (педагогикалық такт) болмаса, ұстаздың ұлағаттылығы көрiнбейдi. Шәкiрттiң «тiлiн табу», әрбiр шәкiрттiң психологиялық ерекшелiктерiне сәйкес педагогикалық тәсiл табу – бiлiктi ұстаздың ұстаздық қасиетi. Ұстаз – халықтың салауатты өмiрiне басшылық жасаушы тұлға. Ол – iшкiлiкке, есiрткiге қарсы күрес жүргiзушi қайраткер.
Ұстаздық шеберлiк iс-қимыл, iс-әрекет арқылы бiлiмдi iс жүзiнде қолдану барысында қалыптасып, дамиды. Тәлiмгер ұстаздың (тәрбиешiнiң) беделi оның шеберлiгiмен қатар, шәкiрттерiне деген сүйiспеншiлiгi, қажымас қамқорлығы, талап қоя бiлуi, қойған талаптарын шәкiрттердiң орындауын бақылай бiлуi, шәкiрттiң iс-әрекетiн бағдарлап, әдiл бағалай бiлуi арқылы қалыптасады.
Ұстаздың педагогтық әдептiлiгi (этика, этника) жаңаша тетiкте (новая технология) iс ұйымдастыра бiлуi, өркениеттi өмiрден оза iс-қимыл жасап, прогрестiк, оптимистiк (көрегендiк) әрекеттерiмен көрiнуi – оның нағыз ұстаз екендiгiн көрсетедi.
8.Ұстаз – иманды, әдепті,ізетті, қайырымды, мейірімді, салауатты, білікті, қамқоршы. сабырлы, жауапты, ұлтжанды, ұжымшыл, іскер, ар-намысты, шыншыл, перзенттік парызын өтей алатын, өнерпаз, ар-ұяты берік, ұлттық тілді ардақтай білетін, адами қасиеттері асқақ , абыройлы тұлға.
9.Ұстаз - іс-әрекетте рухани байлығымен, жаңашылдығымен, ерен еркіндігімен, ізгі әрекеттерімен, азаматтық белсенділігімен, өмір бәсекесіне төтеп беретін табандылығымен, жаңа формацияға лайықтылығымен айқын көрінетін азамат тұлға.
Қазiргi ұстаздардың алдына: болашақ өркениеттi, дәстүрлi демократиялы мемлекеттi құратын жас ұрпақтың ең әуелi адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастырып, содан кейiн оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолданылмалы бiлiм беру мiндеттерi қойылған. Ол міндеттерді орындау үшін, ұстаздар мен мектептер қаражатпен, техникалық құралдармен, оқу құралдарымен, оқушының оқу құралдарымен, мәдени қажеттiлiктермен толық қамтамасыз етiлуге тиiс.
Нағыз ұстаз қоғамдағы саяси-экономикалық жағдайда кездесетiн келеңсiз үрдiстермен күрес жүргiзе алатын – күрескер болу керек. Өйткенi ол – халық қамын, шәкiрттерiнiң болашағын ойлайтын және сол үшiн еңбек ететiн ұлы тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет