47
Кесте 4.1 – Өттің химиялық құрамы
Заттар
Мөлшері, %
Заттар
Мөлшері, %
Су
84
Лецитин
0,14
Өттік қышқылдар:
Холестерол
0,87
таурохолий
1,94
Бейтарап майлар
0,65
гликохолий
6,8
Муциндер мен пигменттер
4,4
Майлы қышқылдар
1,06
Минералды заттар
0,54
Өт қабында патологиялық өзгерістер нәтижесінде өт тастары пайда
болады. Химиялық құрамы жағынан олар әр түрлі болып келеді. Ірі қара
малда
пішіні дұрыс емес, массасы 10 г дейін, қою қоңыр түсті, судан
ауырырақ, нәзік пигментті тастар жиі кездеседі, олардың құрамына
биливердин, фосфор қышқылы мен сілтітопырақты тұздар кіреді. Негізінен
холестеролдан тұратын судан жеңілірек ақ немесе ашық сары тастар сирек
кездеседі.
Кейде әктастар - фосфат қосылған көмірқышқылды кальций немесе
магнийден тұратын қоңыр немесе сары тұсті майда домалақ тастар кездеседі.
Басқа минералды заттардан өтте негізінен әр түрлі
карбонаттар мен
бикарбонаттар болады.
Өт тастары фармакология мен техникада қолданыла алады.
Бауыр жануарлар ағзасында маңызды рөл атқарады. Оның атқаратын
ең маңызды функциялары келесілер:
Бауыр қанды өткізіп-тоқтатып, қан айналымды реттеуге қатысады,
сәйкесінше қан тамырына келетін қан көлемін реттейді.
Бауырға қан жолымен бірге ішектен тағамдық заттардың
гидролитикалық ыдырауының барлық өнімдерінің дерлік жеткізілуіндегі
бауырдың зат алмасудағы рөлімен анықталады. Бұл өнімдер онда
ассимиляцияланып, содан кейін қажетіне
қарай қан жолына бөлініп
шығарылады. Бауыр гликогеннің синтезі мен диссимиляциясы жолымен
көмірсулардың алмасуын реттейді. Бұлшықет тінінен қан жолымен
жеткізілетін сүт қышқылының аэробты тотығуы мен сүт қышқылынан
гликогеннің қайта синтезделуі де негізінен бауырда өтеді.
Бауыр майлар мен липидтердің алмасуына белсенді қатысады. Онда
липидтер (фосфатидтер), сондай-ақ өт бөліп шығаратын өт қышқылы мен
холестерол синтезделіп, уақытша жиналады. Қалыпты жағдайда майлар
бауырда тотығады. Бауыр ақуыздардың алмасуына белсенді қатысады: онда
өз тінінің ақуыздары ғана емес, қанның да көптеген ақуыздары синтезделеді.
Кейбір ақуыздар мен амин
қышқылдары бауырда жиналады, содан кейін
қажетіне қарай қанға өтеді. Бауыр дәрумендердің алмасуын да реттейді.
Бауыр қан жасауға көп қатысады, ол плазма ақуыздары:
альбуминдер, глобулиндер, фибриноген, протромбин, тромбокиназаны
синтездейді. Гемоглобин де бауырда ыдырайды.
Гемоглобиннің ыдырауы
нәтижесінде гем реттің бұзылуға ұшырайды. Бұл ретте темір бөлініп, өттік
пигмент – биливердин, содан кейін биливердин мен өттен ішек арқылы
48
шығатын тотығудың басқа өнімдері түзіле отырып порфиринді сақина
жарылады.
Бауырда липидтерді қорытуға қажетті өт сөлі бөлінеді.
Бауыр ағзаны ішектен келетін тегі органикалық емес улы
қосылыстардан, алкалоидтардан, ішектегі ақуыздардың шіруінің өнімдерінен
қорғауда өте маңызды рөл ойнайды және оларды күкірт
пен гликурон
қышқылымен қосарланған қосылыс түрінде зарарсыздандырады. Несепнәрді
синтездеу жолымен бауырда аммиак зарарсыздандырылады.
Бауырда бөтен заттар (ксенобиотиктер) аз улы заттарға, ал кейде
индифферентті заттарға айналады. Бұл қандай да бір заттармен тотығу, қайта
қалпына келтіру, метилдеу, ацетилдеу мен конъюгациялау жолымен жүзеге
асады. Бауырдағы бөтен қосылыстардың тотығуын, қайта қалпына келтіруін
және гидролизін негізінен микросомалық ферменнтер іске асыратынын атап
өту керек.
Детоксикациялау процесстерімен қатар бауырда осы заттардың
улылығының артуына себепші ксенобиотиктердің өзгеру процесстері жүре
алады. Мысалы, Р450 цитохром тобының ферменттерімен 3,4 бензапирен
сияқты полиароматикалық қосылыстарды гидрокислдеудің нәтижесінде
канцерогенді метаболиттер түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: