Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет54/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73
Дәріс

2. Ақыл- ойының даярлығы
Ақыл- ойының даярлығы- бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Көп уақытқа дейін баланың мектепке оқуға даярлығының басты өлшемі оның ақыл –ой дамуының деңгейі деп есептелініп келеді.Л.С. Выготский алғашқылардың бірі болып мектепте оқуға даярлық баланың көптеген заттарды білуі ғана емес онын танымдық үдерістерінің даму деңгейі деген пікірді қалыптпстырды. Л.С . Выготский; «.... быть готовым к школьному обучению- значит прежде всего обобщать и дифференцировать в соответствующих категориях предметы и явления окружающего мира» ,-деп жазды. Оның ойынша кез- келген бала жазып, санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білу , талдау жасай білуі , ойлай білуі, өздігінен қортынды жасай білуі тиіс.
Ақыл –ойының даярлығы баланың ой-өрісінің , нақты білім қорының болуы , яғни баланың өзі , туысқандары, қоршаған табиғи ортада тұратындығы, үй тұрмысындағы мүліктер,кеңістіктер туралы тағы да көптеген мағлұматтары болуы. Ес пен қатар ойлау – білімді игерудің өте қажетті , әрі басты маңызды үдерістері . Сол себепті бала оқуға келгенде ойлаудың міндетті түрде 3 негізгі түрі қамтылуы қажет; көрнекі –бейнелік , сөздік –логикалық , көрнекі – әрекеттік ойлау .
Көрнекі – әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде , заттардың кейпімен , мөлшерін ұйқастырғанда , қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекетттердің барлық түрін орындап шығады .
Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп,ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды.Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар затарды , суреттерді , әрекеттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беру қажет . Яғни , баланың сөздік қорының мөлшері , таным үдерістерінің даму деңгейі , логикалық операцияларды орындай алуы , баланың оқуға білімді табысты меңгеруінін негізі болып табылады .
3. Биологиялық кемелденуі
Мектептегі оқу әрекеті- бұл ағзаның барлық жүйелерінің катты жұмыс істеуін қажет ететін үдеріс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туңызады. Оқушы мектептің талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруға дағдылануы қажет. Алайда кез келген баланың денсаулық жағдайы ондай өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Бірінші сынып оқушыларының ағзасына қойылатын талаптарға оқудың алғашқы аптасымен айларында бас аурулары, шаршау, ашуланшақтық, наразылық, жылау, уйқының бұзылуы сияқты шағымдар ретіндегі жауаптар пайда болады. Кейде жүректің айнуы, құсу, мұрнынан қан кету болады. Балалардың асқа тәбетімен дене салмағы төмендейді . Психикалық сипаттағы қиыншылықтар да кездеседі, мысалы, қорқыныш сезімі, оқуға және мұғалімге деген жағымсыз, теріс қатынас, өз қабілеттері мен мүмкіншіліктері жөнінде теріс көзқарас. Мұндай мектептегі оқу үдерісінің басталуы мен байланысты бала ағзасындағы өзгерістерді кейбір батыс ғалымдары «Адапациялық ауру», «Мектептік шок», «Мектептік күйзеліс», «Мектептік дезадаптация» деп атайды. Мұндай қиын кезеңде балаға мектепте де, үйде де көбірек көңіл бөліп, жылы шыраймен қарап, оған шыдамдылық пен мейірімділік таныту керек.
Сонда белгілі бір уақыттан кейін қолайсыз, жағымсыз жағдай өтіп уйқы мен тәбеті нормаға келіп, түрлі шағымдар жоғалып, баланың денсаулығы жақсара түседі. Жағымсыз жағдайдың жоғалуы басталып келе жатқан жайлы бейімделудің алғашқы белгісі болып табылады.Біртіңдеп бала ағзасында және ең алдымен оның оқу жұмысының сәттілігін қамтамасыз ететін орталық жүйке жүйесінде өзгерістер болады.Тұрақты жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз ете отырып ,жоғарғы талаптарға сәйкес бала ағзасының барлық функциялары жаңа жоғарғы деңгейде қайта құрылады. Бұл жағдайда мектепке бейімделу үдерісінің аяқталғандығы жөнінде айтуға болады . Бірінші сынып оқушыларының бейімделу уақытты әр түлі болып келеді . Әдетте мектепке тұрақты бейімделу оқу жылының бірінші жарты жылдығында жүзеге асады . Бірақ бұл үдерістің бүкіл оқу жылының бірінші жарты жылдығында жүзеге асады . Бірақ бұл үдерістің бүкіл оқу жылы бойында аяқталмайтын кездері де аз емес . Жетістіктері әр түрлі балалар жаңа өмірллік іс –әрекет жағдайына бірігіп бейімделеді .
Сондықтан баланы мектепте оқуға даярлау үшін оның денсаулық жағдайы (дене салмағы,бойының ұзындығы т.б. ) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуына, сонымен бірге оған көру, есту, моторикасының дамуына, жүйке жүйесінің физиологиялық жағдайын баса көңіл бөлінуі қажет.
Бала жазу дағдыларын меңгеруде әрбір жетістігін мақтап « Сенің қолыңнан келеді, біз көмектесеміз» , «Сен істей аласың» деген сенімділік сөздерді жиі айтуыңыз қажет, өйткені қуатты сөздер баланың табысқа жетуіне әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет