Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет43/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69
Бір кем дүние

Бауыржан мен Тахауи
Бəукең айтты:


– Осы күні «менің бабам батыр болған. Менің бабам пəлен болған,
түген
болған» дейтін дуайпаттар көбейді. Жарайды, болса, болған шығар. Ал
сол ұлының ұрпағы бабасының тырнағына тати ма? Енді оның келер
ұрпағы онымен мақтана ала ма? Соны неге ойламайды?! – деп
қаһарланады.
... Ал ұрпақтары ұялмай Тахауимен мақтануына болады.
Баукеңе жағымпаздар, екіжүзділер, мақтаншақтар ұнай бермейді. Ал
Тахауи десе:
– О, ол Көтібар көкемнің тұқымы ғой. Ұқсайды бабасына, – деп қоятын.
Шынында да, аты қиын бабамыздың батырлығы, адалдығы, аңғалдығы,
турашылдығы Тахаңның тұла бойында тұнып тұрғандай еді.
Бауыржан Момышұлы дүниеден қайтқанда, Тахауи қабір басында,
жандүниесін ақтара, хас шешендігі еселей ашылып:
– Бауыржан мына ноқталы дүниеде ноқтаға басы симай кеткен адам, –
деді ғой.
Тахаң өзі де сондай еді-ау.
Қайтыс болардан біраз бұрын көңілін сұрап, үйіне бардым.
– Мына жүрекке жəрдем беретін стимулятор Германияда бар екен. Жете
алмаймын. Қаржы керек. Терещенкоға хат жазып едім, жауап жоқ, – деді.
Дəл сол тұста үкімет Қазақстан қазынасын талапайға салып жатқан шақ
еді.
Қазақ əдебиетінің бəйтерегі құлайын деп тұрғанда соған тіреу болуға
жарамаған үкімет кімге опа береді. Келді – кетті.
Тура келген ажалға амал жоқ. Ал көпе-көрнеу сол ажалды тежей тұруға
болатын сəтте қол ұшын бермеу – тасқұдайлық!


Тірі болса, биыл сексен беске толар еді.
Бетеге кетіп, бел қалар,
Бектер кетіп, ел қалар.
Ел аман болса, Тахауи естен кетпес.
Ақындардың пырағы
Əуелі пырақ туралы. Пырақ – Мұхаммед пайғамбардың ғарышқа
ұшқанда мінген аты.
Ғафу ағамыз ақындардың ішіндегі нағыз пырағы еді.
7 ноябрь. Мереке. Қарашаның қара суығы. Демонстрация. Опера жəне
балет театрының іргесіндегі трибунаның алдынан өтуге тиіспіз.
Ұзыннан-ұзақ жалаулатқан, көсемдердің портреттерін көтерген тізбек.
Жазушылар, баспагерлер, редакция қызметкерлері – Дзержинский мен
Калинин көшелерінің қиылысында тұрмыз.
Күн суық. Арақ алып, жылынайық десек, магазиндер жабық. Осындай
бір «қиын» сəтте «Простор» журналының бас редакторы Иван Шухов бір
жуан теректің тасасында теріс қарап тұра қалып, шалбарының артқы
қалтасынан əп-əдемі күміс флягін суырып алып, тығынын бұрап ашып,
ішіндегіден қылқ-қылқ еткізіп, жұтып-жұтып алып, қайтадан қалтасына
салып қойды. Дөңес көзілдірігін көтеріп, аузын сипап, жөткірініп алды.
Сонда ап-аласа бойы ұзарып кеткендей көрінді. Соның бəрін байқап тұрған
ақын Ғафу Қайырбек табан астында:
– Иван Шухов дегенің мына кісі,
Көтенінде салпаңдайды флягісі.
Иван ішіп, сен ішпей тұрған кезде,
Кісінің келеді екен жылағысы, -
деп саңқ ете қалды. Бүрсеңдеп тұрғандар жарқырап, қыран күлкіге


батты.
Иван Шухов түкке түсінбей:
– Чо-чо? – дей береді.
Оған біреу Ғафудың өлеңін аударып, түсіндірген болып жатыр. Бірақ
өлеңнің соңғы жолындағы «кісінің» дегенді «қазақтың» деп өзгертіп
жіберді. Жалғыз сөзден мəн-мағына мүлде басқа сипат алып, сайқал
саясатқа бұрылып кетті.
Қайран Ғафекем, ерен жүйрік еді ғой. Ертерек кетіп қалды.
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет