Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов


Жариялы шарттар, фактурамен жасалған сөздер



Pdf көрінісі
бет36/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

Жариялы шарттар, фактурамен жасалған сөздер: 
Көрінген сөз арқылы тағайынды аспаптың және тағайынды 
материалда құралады. Құралым сөздің аспабының материалымен және 
сөздің фактурасымен қана аталады.
Тәуелділік фактурасының 


68
§ 10. Сот шешенін мақсатты 
 қалыптастыруды 
 жандандырудағы
 рольдерді айқындау
ауызекі, жазба, баспалау, бұқаралық ақпаратқа дегенге қарасты 
болады. 
Риторлық бейнелер сотта сөз сөйлегенде өз ойыңды білдіру үшін 
қажет. Антикалық заманда мынандай тезис болды: тыңдаушыларға 
тек аргументтермен қана емес, риторикалық бейнелермен де әсер 
етуге болады деген.
«Оратор» деген сөз XVIII ғасырда 
латын тілінен алынған (лат. orator - 
яғни orare – сөйлеу, айту). Оның 
бірінші мағынасы – «нақ сөз 
сомдаушы», «сөзді айтып жатқан 
адам». Бұл мағынада осы сөз термин есебінде қолданылады: прокурор 
немесе адвокат, азаматтық іс жүргізудегі талап беруші немесе талап 
жауапкерінің құқықтарын қорғау мен қарсы тұру және қылмыстық іс 
жүргізуде сотталушының құқықтарын қорғап немесе мемлекеттік 
айыптауды қолдай отырып, сот талқылауында іс жүргізудегі жәйтімен 
сәйкестікте өзінің функциясын орындайды. Шешеннің ролі бұл сөздің 
түсінігінде ісжүргізушілік заңмен қарастырылған әрекеттерді орындауға 
тіркеседі: яғни, саралап, құқықтық баға беру. 
«Оратор» сөзінің тағы бір мағынасы бар, ол: «кімде-кім қызыл 
тілділікпен сөз сомдау қабілетіне ие болса», бұл тек сөйлеуші адамға қана
емес, сондай-ақ тыңдармандардың алдында сөз сомдай алатын адам. Ол 
тыңдармандардың назарын өзіне аударта алады, өйткені ол сөз шебері; ол 
шешендік өнерді игере алады; және де өз ісін жақсы көреді. Шешен – бұл 
өзінің жариялы сөзін айту үшін тақырыбын және іс материалын терең 
қамтыған адам және онысын еркін игеруші; сондай-ақ жариялы айтатын 
сөзінің тезисін айқын және анық пішіндей білетін; жұмыс жоспарын 
құрай білетін; материалдарды сенімді, анық, логикалы мазмұндай алатын 
адам. 
Жақсы шешен болу үшін, шешендік өнер дегеніміз не екенін білу 
қажет. Шешендік өнер – бұл жария сөздерді айта білу үшін және соған 
дайындалу бойынша шығармашылық әрекет. Бұл дегеніміз, нәтижесінде 
адам логикалы, ұғымды, қызықты және сенімді етіп, тыңдармандардың 
алдына шығып сөз сомдай алатын қабілетке қол жеткізетін, үлкен 
тапжылмас еңбекке негізделген қызмет: Көпшілік алдында сөз сөйлеу 
теориясында шешендік өнер, көпшілік алдына шығып сөзді сомдаумен 
дайындық бойынша шешеннің білімі мен қабілетінің комплексі ретінде 
түсіндіріледі: бұл тезисті пішіндеп және материалдарды жинақтауға, сөзді 
құрау өнері және тыңдармандарға анықталған әсер беру мақсатында 
жариялы сөйлеуде деген қабілеті, бұл сондай-ақ дәлеледеп және дәлелді 
теріске шығаруды, сендіртуді, білуге деген сөз сөйлеу шеберлігі. Айта 
кететіні, яғни сол шешендік өнері өте спецификалы.Оны және де сот 
қызылтілділік деп те атайды. 


69
Қызылтіліділік жалпы ұғымда – ол тек қана әдемі сөйлей алу емес, 
сондай-ақ сендірту, бұл дарын мен айқындалған білім және қабілет 
жарасымдылығы. Соттағы қызылтілділіктің іс жүргізушілік заң шығару 
нормаларымен кесімді болатын, өзінің ерекшелігі, спецификасы бар және 
сөз сөйлеудің құқықтық-бағалау сипатты болжайды. Соттағы 
қызылтілділіктің негізгі функциясы (немесе соттағы шешендік өнердің) іс 
бойынша заңдық ақиқатты айқындауға ыңғайласуы, судьялардың ішкі 
бекімін нысандау. 
«Әрбір шешеннің өзінің тексерілген, бірнеше рет жұмыс жасап 
көрген сөз сөйлеу тактикасы, шешендік айла-әдістері және сөз сөйлеу 
құралдары бар. Біреулері Ф.Н.Плевако секілді, соттағы тыңдармандарды
өзінің шабытымен, ал өзгелері – А.Ф.Кони секілді, терең ойлылық және 
айқын мазмұндаумен бағындырады». Бірақ қандай да болмасын, сот 
шешеніне тыңдармандардың ойына жететіндей етіп, сауатты, 
дәйектермен сөйлей алуы маңызды. Бұл ең бастысы». 
Сот шешенінің өнері дау мәнінің ашық анықталуында көрініс 
табады (тезис, мақсатты қондырғы), сотта жариялы сөз сөйлеуге 
судьяның назарын аударта алуды және оны сөздің айтылып болуына 
дейін сақтауды құра білу, істің мән-жайын толық және объективті 
саралауды білу, қылмыстың немесе азаматтық жанжалдың себептерін 
нұсқай білу, айыпталушы мен жәбірленушінің тұлғаларына терең 
психологиялық сараптама бере алу, дәлелдермен және оларды теріске 
шығару жүйесін құра білу, дұрыс құқықтық тұжырым жасау және соған 
судья мен тыңдармандарды сендіру. 
Әрине ол психологиялық әсер бере алуда көрінеді, ойларын сөзбен 
сомдау үшін нақты тілдік құралдарды таба алу, себебі мағыналы, құнды 
ой керемет пішінге мұқтаж. Сөздің кемелділігі соттағы тыңдармандарда 
шешенге сенімділік атмосферасын қалыптастырады. 
Сотта жақсы сөйлеу - бұл жөнді, ұқыпты, жан-жақты және істің 
материалдарын объективті саралай, құқық нормаларына сүйене отырып, 
адамның ойына жететіндей, қисынды, нанымды, әдеби тілдің 
шамаларымен сәйкестікте сөйлеу.
Қызылтілділік ол «әдемі сөйлей білу» сияқты, сот шешендік өнерінің 
құрама бөлігі - эмоционалды әсердің тиімді тәсілі болып табылады.Тілдің 
бейнелеуші-сомдаушы құралы сот шешеніне сот көңілін істің бір немесе 
өзге де бөлшектеріне тоқтатып өтуге көмектеседі. Сот шешенінің 
шеберлігі үнемі тоқтамсыз, мақсатты, бағытты еңбектенуіне негізделеді. 
Тек тығыз жаттығулар және шеберлікке жету талпынысы көпшілік 
алдында сөйлей алуға жеткізеді. Сотта сөйлей білу өнері дегеніміз – яғни 
ол, істі барлық материалдарымен, барлық дәлелдермен еркін игере алу, өз 
сөзінің пішінін сезіну, оның мағынасын түсіну, шешен кәсібінің 
құпияларын білу. Өз позициясының дәлеледерін мүртіксіз мазмұндау – 
шешендік еңбектің маңызды мәдени белгісі. Соттағы сөз сөйлеу 
қоршаған ортаға, оны тыңдаушы адамдарға әсер етуі үшін, олар келесі 
түрдегі спецификалық сапаларды иемденуі керек: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет