Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері


Фенольдік айналымдық салқындатқыш суды тазарту мен пайдаға асыру жүйелері



бет5/10
Дата12.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#131109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

17. Фенольдік айналымдық салқындатқыш суды тазарту мен пайдаға асыру жүйелері

249. Салқын газдың барлық газ генераторы станцияларында генераторлық газды салқындату мен тазарту жүйесіне қатысы бар судың айналымдық циклы қарастырылады.

250. Генераторлық газды салқындату заттарын жинау, өңдеу және пайдаға асыру жүйесіндегі жобалауға қабылданылатын технологиялар толықтай қалдықсыз болады. Айналымдық судан бөлінген өнімдер, фусстар және шайырлар толық пайдаға асырылады немесе тауар өніміне қайта өндіріледі.

251. Конденсатты (шайырды, шайырдың суын) сықағыштар мен оларға іргелес газөткізгіш учаскелерінен конденсат бөлгіштер арқылы бөлу (алдын ала салқындатқыштар, салқындатқыштар және тағы басқалар) ағындардың үзілуінсіз тұрақты болады және жұмыс ауысымының ішінде пайдаланылуын персонал бақылайды.

Конденсат құбырлары жылу оқшауландырылған болады.

252. Қатты заттар (фусстар-ауыр шайыр қойырпағы) ауыр шайырды өндіру циклы бойынша газ генераторларында қайта өндіріледі.

253. Айналым судан бөлінген шайыр немесе генераторлық газдан электрсүзгішпен ұсталынған шайырлар немесе қайта газдандыру циклында немесе энергетикалық отын ретінде немесе әрі қарай өндіру үшін шикізат ретінде ұзақ сақталмай, толық қолданылады

254. Генератор шайырларының тұтқырлығы түрлі отынды газдандырудан алынғанына байланысты маңызды айырмашылығы бар 2,5-5Е (таскөмірді шайыр) 10-15Е дейін (қоңыр көмір) температурасы 80С кезінде шайырөткізгіштен бүріккіштерде тозаңдату бойынша еркін айналымды қамтамасыз ету 80-100С диапазонында түрлі температураға дейін қыздыруды талап етеді.

255. Шайыр сорғыштар мен шайыр өткізгіштерге қыздырылған бу жіберіледі.

256. Жобалау бак-тұндырғыштар және шайыр қоймалары конустық түбімен және түп жағынан жүкті алу мүмкіндігімен жабық резервуарлар (бактар) ретінде жасалады.

Әр тұндырғыш пен шайыр қоймалары жылумен оқшауландырылады, шайырды қыздыруға ирек түтікпен және адамдарды түсіруге металды қапсырмалармен жабдықталады.

257. Қышқыл шайыр кезінде тұндырғыштар мен шайыр қоймаларының қабырғалары мен түбі қышқылға шыдамды оқшаулаумен жабылады.

Тұндырғыштар және шайыр қоймаларын тазарту механикаландырылған болады.

258. Шайыр өткізгіштер бу серігімен берге салынады және бірге жылумен оқшауландырылады.

259. Электрсүзгішті пайдаланусыз генераторлық газды тазарту сұлбасында шайырдан қалған судан шайырды бөлу бак-тұндырғыштарда жүргізіледі.

Шайырды тұндыруды жеңілдету үшін майұстағыштар мен газөткізгіштерден бөлінетін шайырдың суына жеңіл майларды араластыру орынды.

Айналым суға тұз ерітінділерін қосу есебімен айналым судың меншікті салмағын ұлғайтуға жол беріледі.

260. Айналым жүйеден шығатын аммиак-фенолды су газ генераторына бу, ауа үрлеу компоненті ретінде қаныққан бу түрінде қайтарады.

261. Отынның аз шайырланған түрін немесе құрамында күкірті көп отынды газдандыру кезінде айналым суы уақыт өткен соң айналым су қышқылы болады, жүйенің барлық торапының (сорғылардың жұмыс доңғалақтарының, құбырларды, алдын ала салқындату элементтерінің, тікқұбырлардың және тағы басқалардың) тез тоттанып желінуіне әкеледі. Бұл жағдайда технологияда судың бейтараптануы жүргізіледі және рН 7 көрсеткіші сақталады.

262. Буландырғыштарда айналым судың бөлшегін тұрақты пайдаға асыру бу ауалық немесе бу оттектік үрлеуде таза будың үлесін азайту мақсатымен аммиак-фенолды судың бұл бөлшегі тиісті айналым жүйесінен шығарылады.

Айналымнан шығатын суды толтыру табиғи жолмен жүйеге отынның және будың үрлеу физикалық ылғалын енгізумен жартылай жүргізіледі және жүйені толықтыру жартылай қосылады. Жүйені толықтыру техникалық суды жалғау сызығы арқылы бактағы айналым судың деңгейін демеу автоматымен жүзеге асырылады.

263. Жұмыс барысында уақыт өте айналым суда органикалық заттардың (шайырлар, фенолдар және тағы басқалар) шоғырлануының ұлғаюы мүмкін, сол жүйенің ластануына және оның металл бөлшектерінің тоттануына әкеледі. Сонда салқындатқыш және скрубберлердің бүріккіштері шайырмен бітеліп қалады және одан су да әзер өтеді. Бұл айналым циклының 1-1,5 ай үздіксіз жұмысының ұзақтығын шектейді, содан соң цикладағы су толық ауыстырылады. Айналым суды ауыстырмау және оның лақтырылуын болдырмау үшін коагулянттармен айналым сулар мөлдірленеді.




18. Күлқож қалдықтарын жою жүйесі


264. Қатты отынды газдандырудың күлқож қалдықтарын жою жүйесін пайдалану (күлқожды жою):

күл үйіндісіне, қоймаларға күл мен қожды уақытында үздіксіз және үнемді жою мен қоймалауды, сондай-ақ оларды тұтынушыларға тиеуді;

ішкі және сыртқы күлді жою құрылғылары мен құрылыстарының сенімділігін;

күл үйіндісінің жұмыс ыдыстарын тиімді пайдалануды;

ауа және су бассейндерін, сондай-ақ қоршаған аумақты күлмен және ағын суларымен ластануын болдырмауды қамтамасыз етеді.

Күлқожды жою жүйесі механикаландырылған болады.

265. Жерді бөліп беру мен қоршаған ортаны қорғаудың нақты жергілікті жағдайларына байланысты жоба алдындағы қайта қарап жетілдіру кезеңінде қатты отынды газдандырудың күлқож қалдықтарын жою жүйесінің-гидравликалық және пневматикалық ұтымды түрі анықталады.

266. Күлқожды жоюдың гидравликалық және пневматикалық жүйелерінің негізгі технологиялық параметрлері: шаю және суармалау суларының қысымы; қойыртпақ өткізгіштің басындағы қойыртпақтың қысымы; пневмокүлжою жүйелеріндегі ауаның қысымы мен сиреуі; су мен ауаның шығыны көрсетілетін режімдік карталары болады. Режімдік карталарда рұқсат етілген оңтайлы мәндерден ауытқу параметрлері көрсетіледі. Режімдік карталарды құрастыру мен анықтау үшін күлқожжою жүйесінің кезеңдік сынаулары жүргізіледі.

267. Гидрокүлжою каналдары жеңіл алынатын элементтермен, күл жайының еденімен жабылады. Каналдардың тозуға шыдамдылық қаптамасы үнемі жарамды күйде болады.

268. Күлқожжою жүйелері тығыз жай-күйде болады.

Қож шахталары мен түсу құбырларында қож шанақтарының бекітпелері мен байқайтын терезе-қарағыштар саңылауларды тығыз жабады және жүйедегі қысымның шамалы өзгеруі кезінде ашылмайды.

269. Гидрокүлжою жүйесінің шаю мен ояту соплоларының жай-күйі үнемі бақыланады, олардың ішкі диаметрі 8-10 % жоғары есепке қарсы ұлғайған кезде соплолар ауыстырылады.

270. Күлқожжою жүйелерінің ауыстырып қосу құрылғылары жұмыс сорғыларынан (гидроаппараттардан, эрлифтерден) резервке және олар жөндеуде болған кезде сорғыларды өшіруге арналған құрылғылар жарамды күйде болады.

271. Гидро-пневмокүлжоюдың бақылау-өлшеу аспаптары, технологиялық қорғаулары, блоктау және белгі беру жүйелері жарамды күйде болып, кезеңдік тексеріледі.

272. Күлқожөткізгіштерді, гидрокүлжою жүйелерін пайдалану кезінде желінуіне қарай бұрылу немесе құбырды ауыстыру, күлқожөткізгіштерді өшіру кезінде қоймалжыңды төменгі нүктеден түсіру, өшіру немесе қосу алдында сумен жуу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Қажеттілігіне қарай күлқожөткізгіштердің еңісі тексерілуі және оларды түзету жүргізіледі.

273. Шөгінділер пайда болған кезде мөлдірлетілген судың күлқожөткізгіштері мен құбырларын тазарту механикаландырылған болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет