«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


Әскери санитарлық-эпидемиологиялық барлау (бірінші эшелон)



бет69/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Әскери санитарлық-эпидемиологиялық барлау (бірінші эшелон) барлық аймақта алдынғы шеп пен қосымшалардың тылына дейін медициналық құраммен жүргізіледі, оларға ротаның саниатарлық нұсқаушысы, батальон фельдшері, полктың медициналық пункттерінің санитарлық-эпидемиологиялық взводының мамандары және санитарлық-эпидемиологиялық зертхана жатады. Олар медициналық барлаудың барлық элементтерін орындайды. Бұл кездегі жұмыстың негізгі әдісі сұрастыру және көзбен шолып тексеру, зертханаларға жіберуге сынамалар алу болып табылады. Бұл үшін санитарлық-эпидемиологиялық барлауға бөлінген медициналық қызметкерлер сыртқы орта нысаналарынан алынатын сынамалар (су,топырақ, буынаяқтылар) үшін қажетті құрал-жабдықтармен және науқастардан алынатын бөліністер үшін (құсық, қақырық, нәжіс, қан және т.б.) қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды жүргізудегі медициналық қызметтің әскери бөлімшелерінің міндеті болып табылады:
- жұқпалы аурулардың ошақтарын анықтау;
- әскерді жұқпалы аурулар ошақтарымен қатынаста болмауын ескерту;
- әскерді сапалы тағам және сумен қамтамасыз етуді медициналық бақылау;
- санитарлы-эпидемиологиялық барлаудың жоғарғы эшелонын (армиялық, майдандық) ақпараттау;
- индикация үшін сынамалар алу және оларды зерттеу үшін бригаданың медициналық ротасының зертханасына, қосымшалар СЭЗ-на, майданның санитарлы-эпидемиологиялық жасағының зертханасына материалдарды жіберу. Қосымшалар эпидемиологы барлаудың мәліметтерін жинақтайды және қажетті эпидемияға қарсы шараларды дайындайды. Армиялық санитарлық-эпидемиологиялық барлау (екінші эшелон) әскери медициналық бригаданың санитарлы-эпидемиологиялық жасағының мамандарымен, бірлестіктің медицина қызметінің күштерімен және құралдарымен жүргізіледі.Оны армияның эпидемиологы арқылы бірлестіктің медицина қызметінің бастығы ұйымдастырады. Бұл барлаудың нысаналары әскердің жылжу бригадасындағы үлкен тұрғындар пункттері, жылжымалы базалар мен басқарма пункттерінің орналасу аудандары, тағам қоймалары, ықтимал қарсыластың аймағындағы жұқпалы аурулар ауруханалары болып табылады. Жергілікті тұрғындардың, әскери тұрғындардың, қашқындардың, жер ауыстырып келгендердің санитарлы-эпидемиологиялық жағдайына үлкен көңіл бөледі. Бірінші эшелонның жеке медициналық бригадасының санитарлы-эпидемиологиялық жасағы биологиялық қарудың қолдану факторын, эпидемиялық ошақтардың шоғырлануы мен жойылуын, кең таралған сызба бойынша индикациялауды анықтайды, басқа да қызметтерден алынған эпидемияға қарсы сұрақтары бойынша мәліметтерді өңдеуді жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет