Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»


Волейбол ойыны жарысындағы тәртіптер



бет64/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Волейбол ойыны жарысындағы тәртіптер:
- «либероға» артқы сызықтағы кез-келген ойыншыны ауыстыруына болады;
- «либероға» кез-келген жерден «соққы беруіне» рұқсат етілмейді, егер доп тордың биік жерінен жоғары болса;
- оның допты ойынға қосуына (подача), тосқауыл жасауына болмайды. Сондықтан да «либеро» тек қана қорғаныс қызметтерін орындауы тиіс.
Егер «либеро» тек қана артқы сызықта жүрсе, онда басқа ойыншылар қорғанысты өз міндеттеріне алуы тиіс.
«Либероның» қозғалыс әрекеті жылдамдық-күш және дәлдік пен координалдық сипатта болады.
Қозғалыс әрекетінің осы түрінің жақсы орындалуы жылдамдықтың, тездіктің, сонымен қатар психикалық қызметтердің көрерменге ықпал етуі, көлем, көңіл-күйдің тұрақтылығының негізгі кепілі.
«Либероға» ең маңызды қозғалыс бұлшық еттері, көрермен әсері, есту сезімдері әсер етеді, яғни солардың нәтижесінде «допты сезіну», «алаңды сезіну», «серіктесіңді сезіну» секілді сезімдер пайда болады.
«Либероны» дайындау барысында жеке дайындықтар жүргізіледі.
«Либероны» дайындауға кейбір әдістерді қарастырайық.
Допты қабылдаудағы либероның жеке дайындағы.
Волейболдың басты элементі допты беру және қабылдау. Допты таза және дұрыс қабылдау – қарсы шабуылдың кепілі. Допты дұрыс қабылдаған жағдайда допты берген қарсыластың тактикасын өзгертуіне әкеліп соқтырады.
Допты берудің маңызды ережесі көпке мәлім. Осы ережелердің ішіндегі ең сенімдісі - допты төменнен екі қолмен қабылдау кезінде және қарсыластарға допты беру кезінде көмегін тигізеді.
1) «Либероның» алаң ортасындағы жеке дайындығы. Кезек-кезек 3-4 ойыншының әр аймаққа берген добы. Әр қабылдаған доптан кейін «либеро» өзінің бұрынғы орнына қайтып барады.
2) Дәл солай «либеро» арқасын торға беріп тұрады
3) Жеке дайындық кезінде 3-4 аймақтың ортасындағы тордың жанында «либеро» тұрады. Кезектесіп берілген 3-4 аймақтағы ойыншылардың доп бергеннен кейін олар 5-аймаққа ауысады. Доп берілгеннен кейін «либеро» 5-аймаққа өтіп, арқасын алға беріп тұрады. Әр қабылданған доптан кейін «либеро» қайта өз орнына келеді.
4) Дәл солай, бірақ кезекпен 6 және 1 аймаққа доп берілгеннен кейін «либеро» 3-2 аймақтағы тордың жанында тұрады.
5) 6-аймақтағы жеке дайындық, «либеро» ортаңғы сызықта тұрады. Әр нүктеде қабылданған доптан кейін шеткі сызыққа дейін жүгіру және секіру міндетті.
6) Дәл солай допты 1 және 6 -аймаққа қабылдау (10-20 қабылдау).
7) «Либеро» 6-7 аймақта допты ойнатады. Алаңның ар жағынан допты беру белгісінен кейін допты қабылдауға болады (10-20 мүмкіндік)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет